• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 29 Шілде, 2017

Ауыр атлетика: Азия чемпионатының үшінші күні қазақстандықтар үшін табысты болды

287 рет
көрсетілді

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Жарыстың үшінші күні спортшыларымыз үшін өте табысты болды, деп хабарлайды dodasport.kz. «Б» тобында сайысқа түскен Құмарбекова Гүлжан жасөспірімдер арасында 75 келіде  206 (87+119) келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта сынға түскен Айзада Муптильда  241 (105+136)  күміс жүлде иегері атанды. 77 келі салмақта жасөспірімдер арасында 296 (136+160) келіні көтерген Асылжан Бектай қола жүлде еншіледі. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Дмитрий Макеев  320 (140+180) келімен екінші орынға жайғасты.