• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 30 Шілде, 2017

Александр Винокуров триатлон жарысында неден қиналғанын айтты

184 рет
көрсетілді

Әуесқойлар арасында триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатына қатысқан даңқты қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров жарыстың қай түрі қиындық тудырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, уақыттың болмауы себепті жарысқа дайындық өте ауыр тиген.

«Тур де Франс кезінде де мұндай болған емес. Қазақстанда «Темір жартысы» алғаш рет өткізіліп отырғандықтан оған қатысу, Қазақстанда триатлонға қолдау көрсету қызықты болды. Мүмкіндімше тырыстым. Әрине, жүзу ең қиыны болды. Біз сирек жүземіз ғой. Сондықтан жылдам жүзуге тырыстым. Велосипед бұл біздің дистанциямыз болғандықтан оңайға соқты. Мүмкіндімше жүгірдім. Меніңше 4,23-те келдім. Жалпы бұл жақсы нәтиже деп білемін», - деді Винокуров.

Даңқты спортшы бұл жарыс ағымдағы жылы екінші рет өткізіліп отырғандығын, біріншісі Дубайда өткендігін еске салды.

«Келесі жылы Ironman өтеді. Триатлон федерациясын және Кәрім Қажымқанұлын (ҚР ҰҚК төрағасы) құттықтағым келеді, олар жұмыс істеп жатыр. Меніңше, келесі жылы осы жерде үлкен мереке болады және қатысушылардың саны да арта түседі. Бұл жастардың спортмен айналысуына ықпал етеді. Біз қолдаймыз, бұл біздің хоббиіміз», - деді ол.

Айта кетерлігі, жарыстарға 155 спортшы қатысты. Турнир 1,8 шақырымға жүзу, 90 шақырымға велосипедпен жарысу және 21,5 шақырымға жүгіру бойынша өтті. Үшсайысқа 19 команда қатысты. Әр командада 3 адамнан бар.