• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 31 Шілде, 2017

ЭКСПО-2017. Лесото Корольдігінің ұлттық күні өтті

261 рет
көрсетілді

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында әлемге өзінің ірі алмас тастарымен танымал Лесото Корольдігінің ұлттық күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әдеттегідей, ұлттық күн Қазақстан мен Лесотоның мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұрандары орындалуымен басталды. Осыдан кейін сахна төріне көтерілген Қазақстан Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қайрат Балықбаев африкалық қонақтарды құттықтады.

«Лесото - бұл «Аспан Корольдігі». Африкада таулы аймақта орналасқан жалғыз мемлекет саналады. Бүкіл әлем туристерін бұл елдің көркем таулы шатқалдары, көз тартарлық сарқырамалары, балық аулау демалысы қызықтырады», - деді вице-министр.

«Лесото Корольдігі Үкіметінің және өз атымнан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мүмкіндігін берген Қазақстан Үкіметіне шынайы ризшылығымды білдіремін. Бізге көрсетілген материалдық-техникалық қолдаудың арқасында Лесото әлем халықтарына энергетикалық сектордағы инновациялық мүмкіндіктерін, сонымен қатар «Аспан Корольдігінің» әдемілігі мен көрікті орындарын көрсетуге мүмкіндік алып отыр», деді өз кезегінде Лесото Корольдігінің Сауда және өнеркәсіп министрі Тефо Мапесела.