• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2017

Павлодарда «Тіл, мәдениет, жастар - жарқын болашақ!» атты форум өтті

171 рет
көрсетілді

Павлодар қаласындағы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Тіл, мәдениет, жастар - жарқын болашақ!» атты жастар форумы өтті.

Форумға облыстағы қала мен аудандардың белсенді жастары қатысып, тіл саясаты мен «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты түйінді пікірлерін ортаға салды. Шараның ұйымдастырушылары Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Молодежь за здоровый образ жизни» ЖҚБ.

Салтанатты түрде Әнұранмен басталған пленарлық мәжілістен кейін жалғасын тапқан «Латын графикасы және қазақ тілі» және «Мемлекеттік тіл - жастар» тақырыбындағы секциялық блоктарда қатысушылар латын әліпбиіне көшудің ұтымды тұстары мен пайдасы туралы тұжырымдарымен бөлісті. «Биыл «Қазақша сөйлесу оңай!» атты жоба қолға алынды. Жобаның мақсаты: «Серпін» студенттерін тарту арқылы Павлодар қаласында тұрып жатқан түрлі ұлт жастары арасындағы орыс тілді бөлігіне қазақша сөйлеу ортасын құру», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанаты этносының мүшесі Анастасия Ильченко. "30 қатысушымыз «Серпін» бағдарламасының студенттері мен қазақ тілін ұсынылған жоба бойынша меңгергісі келетін Павлодар қаласының жастары болды.

Бір айдың ішінде біз қазақша ортаны құрып, бір бірімізге қонаққа барып, ұлттық дәстүрлерімізді көрсетіп оңтүстіктен келген жастармен дос болдық. Жобаны ойлап шығарған Элина Паули және Дарын Тәжібаев сынды белсенді жастарымыз. Және жоғары білімін көрсеткен жастарға Элина ЭКСПО-ға билет сыйлады. Ал барлық қатысушыларға Тілдерді дамыту басқармасы және Славян мәдени орталығы кітаптарды табыс етілді. Жоба міндеттері: Қазақ тілін үйренуді насихаттау; Қазақ тілін қызықты оқыту барысын көрсету; «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жүрген студентерді әлеуметтендіру; Павлодар қаласындағы қазақша сөйлей алатын жастар санын көбейту".  Форум барысында мемлекеттік тілдің дамуына  үлес қосқан жастар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

pavlodarnews.kz.