• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2017

Халыққа қажет құқықтық ақпарат

416 рет
көрсетілді

Бүгінгі ақпараттық қоғамда ха­лық­тың құқық жүйесіндегі заңна­малық ахуалмен құлақтанып отыр­уы аса қажет. Қазір дүкенге кі­ріп азық-түлік алғаннан бастап, баспа­наң­ды ресімдеу, қызметке орналасу сия­қты әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекеттің бәрінде адам өз құқын анық біліп, жа­ңа заңдық нормалармен таныс болмаса ертеңгі күні опық жеуі ықтимал.

Бірақ жасыратыны жоқ, қазір елімізде заңдылық және құқықтық тәртіп туралы толық ақпараттың кө­зін табу оңай емес. Себебі ортақ заңдары­мызға сүйенген бо­­лып, өз алдына әрекет етіп жатқан са­ла­лар да көп екені белгілі. Сондықтан ақ пен қа­раны айы-руда көз байланып, күміл­житіндер кездесіп қалады. Ал ме­м­ле­кетіміз үшін  заңдылық және құ­қық­тық тәртіп туралы жан-жақты ақ­парат алу өте қажет. Халық бәрін біліп отыруы тиіс. Бұл, әсіресе, заңдылықты қа­да­ғалау барысында үлкен қолдау болып табылады.

Осы орайда қазіргі күні Бас про­кура­­ту­раның Құқықық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі ко­ми­тетінің құқықтық статистиканы жинақтау мен арнайы есепке алудағы рөлі артып отыр. Со­ның арқасында Қазақстанның құ­қық­тық статистикалық қызметінің кәсіби қоғамдастықта беделі өсіп, мемлекеттік басқару жүйесінде лайықты орын алды. Құқықтық ақпарат және қадағалау – бұл өзара байланыс­ты құрамдар. Қадағалау ше­гі жүйелік деректердің негізінде ғана бел­гіленеді. Онсыз қадағалау ісінде адасу,  қа­телесу орын алуы мүмкін. 

Бұл орайда комитеттің ақпараттық жүйе­лері құқық қорғау және өзге де мем­лекеттік органдардың жұмыс құралы болып отыр. Қолданыстағы жақсы де­ректер базалары мен түрлі платформалар комитеттің жұртшылықпен бай­ла­ныс саласындағы жұмысын одан әрі дамыта түспек. Соған орай аталған ко­ми­­теттің үш не­гізгі міндетін атап өт­кен жөн. Ол құқық қорғау жүйесінің про­цестерін және мемлекеттік органдарды цифрландыру болып табылады, яғни электронды рәсімдерді енгізу қағазбастылықты жойып қана қоймай, мәліметтердің бұрыстығын азайтады, сондай-ақ, істерді тергеу жеделдігін арт­тырады және сәйкесінше сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді. Екін­шісі, «ақпарат құндылығын арттыру», бұл – міндеті процестерді алго­ритм­дендіру, талдау жұмысын авто­маттандыру, ішкі және сыртқы де­рек­тердің байланысы болып табылатын Талдау орталығын құру және сол арқылы криминогендік болжамдар жасау. Үшіншіден, құқықтық қызметтер ор­та­­лығын құру арқылы «Тиімді ша­ғы­м­дар қоғамына» жобасы арқылы азаматтардың мәселелерін шешу және олар­дың өтініштерін нәтижелі қарауды жүзеге асыру.

Әрине, қылмыс туралы хабарла­малардың толық пішімді статистикалық есебін жүргізу, мәліметті бұрмалаудың кез келген дерегіне шұғыл түрде шара қабылдау – осы жұмыстардың басты бағыты. Бұл ретте прокурорлардың  кө­мек­шісі – инновациялық технология­лар. Осы тұста ерекше айтар жайт, коми­тетте тек қана қылмыстылық туралы ға­на мәліметтер емес, сот шешімдері, про­ку­ро­рлық қадағалаудың нәтижесі, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік органдармен азаматтардың жүгінулерін қараудағы заңдылықтың сақталуы туралы да мәліметтер жинақталады. Бұл стратегиялық түрде өзін ақтайды, өйткені ол органдарда осы тектес жүйе­­лерді құру қажеттілігі болмайды. Оларға қуатты сервермен және бағдарламамен қамтамасыз етілген ко­ми­тет­тің мәлімет­терін қолдану ыңғай­лы әрі тиімді. Өйткені, «Қада­ға­лау» ақ­парат­тық жүйесі про­курор­лардың күнделікті қадағалау қызметінің есебін тоқтаусыз жүргізеді.

Бұл арада ең басты жетістік, аталған құ­қықтық статистиканы қалыптастыру және осы салада прокурорлық қадаға­лауды жүзеге асыру қызметтерін заңмен бекіту, орталық мемлекеттік органдарды өзге де мемлекеттік органдардың жұмысы туралы жүйелі, толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тиім­ді шара болып табылды. Ал бұған қоғамдағы қылмыстық жағдай, сот пен қылмыстық қудалау органдарының процессуалдық қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштері, кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелері жатады. Осылайша, азаматтық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бүгінгі күні құқық қорғау орган­дарының жұмысының маңызды ті­ре­гі болып отыр. Бұл Елбасымыз ерекше екпін қоятын заңдылықты қадағалау қызметінің атқарылуына үнемі тың серпін беріп келеді.

Александр ТАСБОЛАТ,

«Егемен Қазақстан»