• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2017

Шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 447 теңге болды

151 рет
көрсетілді

2017 жылдың шілдесінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 24 447 теңгені құрады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген күнкөрістің ең төменгі деңгейі шілдеде өткен аймен салыстырғанда 2,7% төмендеді, ал өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 10,4%-ға көбейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ет пен балықты сатып алуға шығындардың 20,2%-ы, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға – 15,4%-ы, жемістер мен көкөністерге – 14,1%-ы, нан және жарма өнімдеріне – 7,8%-ы, қант, шай және дәмдеуіштерге– 2,5%-ы жұмсалды.