• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Футбол 04 Тамыз, 2017

...Ерте барсаң, орын бар

243 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ертең елорданың «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі бас­талады.

Турнирде Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. Сонымен қатар Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды әлем­дік футболдың ардагер жұл­ды­здары өнер көрсетеді.

Осы жаздың ең басты спорттық шараларының бірі саналатын турнир билеттерін халықаралық көрме кассаларынан немесе ресми сайты арқылы сатып алуға болады екен. Екі жасқа дейінгі балалар үшін кіру – тегін. «tickets.expo2017astana.com» сайты арқылы онлайн билет сатып алу үшін «Мәдени бағдарлама» тармағына, оның ішінде стадионның уақыты мен секторына кіру керек.

Ұйымдастырушылардың де­ре­гінше, билеті бар адамдарға орын таңдау еркіндігі беріледі. Сон­дықтан, ең жайлы орындарды таңдап алу үшін ертерек баруға тура келеді. 

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"