• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2017

Павлодарда «Жібек жолы» қауымдастығының өкілдері болды

129 рет
көрсетілді

«Жібек жолы» қауымдастығының бас хатшысы Раджеш Кумар өңір басшысы Болат Бақауовпен кездесті. Облыс әкімімен кездесуге Раджеш Кумар Түркия, Қытай өкілдері бірге келді.

Раджеш Кумар – Экспо-2017 халықаралық көрмесіндегі Гонконг павильонының комиссары. Ол Қытайдың Нанкин мемлекеттік университетінің халықаралық істер мен қатынастар бойынша бас директоры және «Жібек жолы» қауымдастығының бас хатшысы. Аталған ассоциацияға Жібек жолы бойындағы мемлекеттер, қалалар мен университеттер кіреді. Қауымдастық мүшелері EXPO-2017 көрмесінің комиссарлары ретінде көрмеде ашылған «Invest in Pavlodar» орталығын аралап көріп, қызығушылық білдіріпті. Тіпті, біздің облыс орталығы  «Жібек жолы» бойындағы қала ретінде халықаралық ұйымның құрамына енуі де мүмкін көрінеді. Кездесу барысында Бас хатшы Раджеш Кумар осындай ұсыныс  жасады. Өйткені, «Жібек жолы»-бұл бұрыннан бері келе жатқан сауда мен өзара қарым қатынас жалғас тарихи маршрут деуге болады. Өндірісті өңір бұл мақсатты орындауға өте ыңғайлы. Егер бұл қауымдастық құрамына қосылса- Қытайдың Сиянь қаласында өтетін халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы симпозиумын біздің облыс та да қабылдай алады деген сөз..

Раджеш Кумардың пікірінше, еліміздің ішкі туризмін халықаралық ұйымдармен бірге дамыту облыс үшін де үлкен нәтиже. Түркияның жел энергетикасы қауымдастығының құрметті президенті Мурат Дурактың сөзінше, облыс жел көп соғатын желді солтүстік өңір, сондықтан жел генераторларын орнату үшін ыңғайлы.  Бидай экспорттау мәселесі де сөз болды. Екіншіден, жергілікті студенттердің шетелде білім алуларына, халықаралық тәжірибе жинақтаулары қажет. Сондықтан  қауымдастықтықтың құрамына енетін әлемдік университеттер қатарына енді  С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университет те қосылып, Нанкин мемлекеттік университетінде білім алуға бес грант бөлінді. Университет ректорының міндетін атқырушы Н.Ержанов пен «Жібек жол» қауымдастығының бас директоры Р. Кумар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Меморандум бойынша студенттерді 50 пайыз жеңілдікпен оқыту да қарастырылыпты. Профессор Раджеш Кумар оқу орнының ғылыми-өндірістік зертханасын, «Ертіс» ғылыми-технологиялық технопаркін, Халықаралық стартап академиясында және археологиялық музейді аралап көрді.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген:

Руфина Торпищева