• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2017

Болат Бақауов екі күннің бірінде ауылға барады

153 рет
көрсетілді

Облыс әкімі келе жатыр деп  аудандық әкімдер осы жапа тармағай дайындалады. Бір жақсысы, ауылдар тазаланып, жол бойы реттеліп қалады.  Ауылды өркендету – басты назарда. Әкім ай сайын аралайды.

Осы бір ай ішінде Павлодар ауданы Заря ауылына келді. Спорт кешеніне жүргізілген жөндеу жұмыстарын көрді. Бірлік ауылындағы бәйге аттарын баптайтын шынықтыру базасында болды. Ольгинка ауылын аралап облыс әкімі «Ертіс» ШҚ-на тиесілі гидропоника цехін, Шақат ауылында ашылған «Трухин» балық шаруашылығын аралап көрді. Жеке кәсіпкер Геннадий Трухин 50 га аумақта өз күшімен балық өсіретін тоғанның құрылысын бастаған. Бұл мақсатқа ол өз қаражатынан 11 миллион теңге жұмсаған. Тоғанда тұқы мен сазан тұқымдас балықтар өсіріледі. Красноармейка ауылында бос тұрған ғимаратын бюджеттік саланың қызметкерлері үшін көп пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта құру және орталық қазандыққа жөндеу жүргізу жұмыстарының жобаларын таныстырды. Толыбай ауылында жергілікті тұрғындар Болат Бақауовтан үйі өртенген қарт анаға жәрдемдесуін сұрады. Бұдан соң Болат Бақауов Ақтоғай ауданына барып, аудандардан келген ауылшаруашылық, көкөніс өсірушілерді жинап «Егістік күні« мерекесін өткізіп қайтты. Көрмеде егіншілерге “Ростсельмаш”, “Кировец”, “John Deere” зауыттарының ауыл шаруашылық техникасы көрсетілді. «Ақтоғай-Агро» ЖШС-і өздері өсіретін картоп пен жүгерінің жаңа сұрыптарын көрсетті. Қазіргі кезде кәсіпорында картоптың голландтық сұрыптарымен қатар қазақстандық түрі де өсіріледі. айналысады. Одан кейін Лебяжі ауданына барып қарбыз өсірушілерге барып, жаңа пісіп жатқан қызыл қарбыздан ауыз тиді. Ауданда бақша өнімдері 2,7 мың гектар жерге егілген.

Енді міне, кеше Қашыр ауданының ауылдарын аралады. Львовка деген ауыл бар. Бұл жерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде балабақша құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорын басшысы А. Вильгельм туған ауылының кішкентайларына осындай сыйлық жасап отыр. Песчан деген де ауыл бар. Песчан орта мектебі де бар. Мектеп ауласында құстар мен аңдардың мүсіндерін көріп таңқалыпты. Бұларды жасаған Марат Әленовке қолдау көрсетпекші. Ауылдарды жиі аралайтын облыс әкімі ауылдардың байырғы аттарын қайта оралтуды еске ала жүрсе дейміз.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы