• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Тамыз, 2017

Бапкері Головкиннің спорттан қашан кететіні туралы ойын білдірді

152 рет
көрсетілді

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстан қашан кететіні туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingnews24.com порталына сілтеме жасап.

Санчестің айтуына қарағанда, Головкин кәсіпқой бокста әлі бірнеше жыл өнер көрсетеді. "Головин қазір 35-те. Менің ойымша, ол тағы 3-4 жыл жұдырықтасады", - деді Санчес.

Қазіргі уақытта отандасымыз Big Bear жаттығу лагерінде "Канелоға" қарсы өтетін кездесуіне дайындалып жатыр. Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Осыған дейін Головкиннің бапкері америкалық Джермалла Чарлоның айтқандарына, яғни Головкинмен шаршы алаңда кездескісі келетіні туралы пікір білдірген болатын. Оның ойынша Головкин Билли Джо Сондерспен кездескен тиімді, ал әзірге бар күшін Сауль Альвареске жұмсауы тиіс.