• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2017

Жапонияға сұрапыл дауыл жақындап, шелектеп нөсер құйып тұр

260 рет
көрсетілді

Жапондық метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша сұрапыл «Нору» тайфуны солтүстік-шығысқа жылжып, жапондық Кюсю аралының оңтүстігіне жақындап келеді.

Тайфун аралға жексенбіде жетеді, деп отыр мамандар. Олардың айтуынша тайфун өтіп жатқан Амами аралдары ауданында қазір сағатына 100 мм нөсер жауын жауып жатыр. Синоптиктердің айтуынша, кей аудандарда жауын-шашын соңғы 50 жылда болмаған рекордты деңгейге жетуде.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Кагосима әуежайынан 80-нен астам рейсті кейінге қалдырды. Сонымен қатар 11 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды.

Синоптиктер енді таяу күндері солтүстік-шығысқа қарай баяу жылжыған тайфун келесі аптада жапондық Хонсю, оның ішінде Токиоға жетуі мүмкін, деп отыр.