• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2017

Қалбатаудағы айтыстың бас жүлдесі Қазіреттің қанжығасында

356 рет
көрсетілді

Бүгін Жарма ауданының орталығы - Қалбатау ауылында қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, шежіреші, журналист Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай республикалық айтыс өтті.

Алты сағатқа жуық уақытқа созылған сөз додасының бас жүлдесін Қазірет Бердіхан (Алматы қаласы, 1,5 миллион теңге) иеленсе, 1-орынды Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы, 1 миллион теңге), 2-орынды Серікзат Дүйсенғазин (Астана қаласы, 800 мың теңге), екі үшінші орынды Əсем Ережеқызы (Семей қаласы) мен Еркебұлан Қайназар (Астана қаласы, 350 мың теңге) қанжығаларына байлады.

Ринат Зайытов, Фархад Маратұлы, Шұғайып Сезімхан, Нұрғанат Қайрат, Айтбек Тұрсынбаев, Серік Қалиев, Дидар Қамиев сынды ақындар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Мерейтойлық шара аясында Қалбатау ауылында ақынның ескерткіші ашылды.

Азамат ҚАСЫМ,

"Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы.

Суретті түсірген автор