• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2017

Павлодарда «Қарапатшайым», «Черный принц» базарларда сатылады

162 рет
көрсетілді

Осындай өзгеше, әрі қызықты атаулары бар Лебяжі ауданы Шарбақты ауылының қарбыздары тамыздың соңына қарай піседі.

Биыл ауданда бақша өнімдері 2,7 мың гектар жерге егіліпті. Бір қызығы салмағы  өте ауыр қарбыздарды базарлардан кейбір тұрғындар, зейнеткерлерге үйлеріне дейін алып бару қиын көрінеді. -Сондықтан  қаладағы тұрғын үйлердің қасына әкеп сатуға рұқсат етсе, бізге де ыңғайлы болатыны сөзсіз,-дейді қарбыз өсірушілер.

Қайрат  Шапуов басқаратын «Қайрат»  шаруа қожалығы  16 жыл бойы қарбыз өсіреді.  Қайрат өсірген ауыл қарбыздары  Красноярск, Тюмень, Иркутск, Новосібір, Омбыға барады. Облыста жоғары сұранысқа ие. Нарықтан өз орнын алды. Қарбыздың 30 түрлі сорттарын өсіреді.Бақшашылар өсірген лебяжілік бір қарбыздың орташа салмағы 10 келіден асады. Тіпті,  20 келі 300 грамм тартатын «Фарао» сортты қарбыз бар. Сырты сап-сары, іші қызыл немесе сырты жасыл, іші сары қарбыздарды көресіз, «Великан», «Ред-кристалл» аталатын экзотикалық қарбыздар да бар. Қара түсті «Қарапатшайым» қарбызы, «Каристан» және жаңа «Бомба» сорттары бар. Швейцариялық селекция әдістерімен өсірілген «Топ гон», «Оранж кинг»,  «Черный принцты» өте дәмді.

Жергілікті жұрт «Қарапатшайым» мен «Черный принцты» іздейтіні де содан. Лебяжіде қарбыздың бұлай өсу себебі-жері тұзды дейді  ғалымдар. Ауданда 10 шаруа қожалығы қарбыз өсіруде. Қайраттың шаруа қожалығы жыл сайын 250- центнерге дейін өнім жинайды.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы

Суреттерді түсірген - Владимир Бугаев