• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Тамыз, 2017

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қатаң санкция салды

273 рет
көрсетілді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Солтүстік Кореяға су астында зымырандар ұшыруға қатысты қосымша санкциялар салуды қарастыратын резолюцияны қабылдады. Бұл туралы newsru.com хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа санкциялар КХДР-дан темір және қоғасын рудаларын, көмір және теңіз өнімдерін экспорттауға тыйым салады. Сондай-ақ құжатта басқа елдерге солтүстік корейлік жұмысшыларды қабылдауға және КХДР-мен жаңа мәміле мен келісім жасауға тыйым салынатыны атап өтілген.

Осындай шаралар солтүстіккорейлік экспорттың үштен бірін қысқартады деп күтілуде. Ол қазір 3 миллиар доллар шамасында. Ал, бұл құжатқа кеңестің барлық мүшелері қолдап дауыс берген, делінген хабарламады.