• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Тамыз, 2017

ҚР Сыртқы істер министрі Иран Президентін ұлықтау салтанатына қатысты

155 рет
көрсетілді

Тегеранда Иранның жаңадан сайланған Президенті Хасан Руханидің қызметке кірісуінің салтанатты рәсімі болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ұлықтауға Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты рәсім барысында Қ.Әбдірахмановтың Иранның жаңадан сайланған Президентімен кездесуі болды.

«Сізді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау мен үшін үлкен құрмет. Соңғы жылдар ішінде Сіз Қазақстан басшысымен бірлесіп екіжақты қатынастарды стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтердіңіздер», - деді Қ. Әбдірахманов.

Сонымен қатар министр Иран Президентін 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне жүргізіліп жатқан дайындық туралы хабардар етті және Қазақстан Президентінің бүкіл ислам әлемі үшін маңызды осы іс-шараға қатысуға шақыруын жеткізді. 

Өз кезегінде Иран Президенті де екі елдің даму үстіндегі ынтымақтастығын аса ризашылықпен атап өтті, - делінген хабарламада.