• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 06 Тамыз, 2017

ШҚО әкімі велошабандоздармен бірге 25 шақырымды жүріп өтті

233 рет
көрсетілді

Бүгін Өскеменде «Қазақстан оқушысы-2017» велокөпкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, балғын шайтан арба шеберлері жарысты бастап кетті.

Сайыстың ашылу салтанатынан бір күн бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов Өзбекстан мен еліміздің үздік 30 велошабандозымен бірге 25 шақырымға жуық жерді жүріп өтті. Спортты жастайынан жанына серік ететін, өзі де велосипед тепкенді тәуір көретін аймақ басшысы Шығыс Қазақстан топырағында осымен 17-інші мәрте жалауы желбіреген көпкүндіктің берері көп екендігін айтады. «Қазақстан оқушысы-2017» веложарысының маңызы зор. Мұндай сайыстар жас ұрпақтың шымыр, денінің сау болып өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Бұл жарысқа кезінде өзім де бірнеше мәрте қатысқанмын, қазір міне балғын спортшылармен бірге бірнеше шақырымды басып өттім. Өзбекстан командасының да қатысып жатқанына бек қуаныштымыз.  Дүбірлі додада барлық велошабандоздарға тек сәттілік тілеймін», - дейді Д.Ахметов.

Айта кетейік, халықаралық деңгейдегі көпкүндік 13 тамызға дейін жалғасады. Сайысқа 130-ға жуық спортшы қатысып жатыр.    

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН