• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2017

«Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа»

406 рет
көрсетілді

Өзінің туған жеріне жана­шыр­лықпен, сүйіспен­шілік­пен қараған азаматтар қай кезде де болған. Туған ауылының абыройын асқақтатып, қол ұшын созып жүрген жандар қазір де бар. Сондай аза­мат­­тардың бірі – Тоқтар ауы­лы­ның азаматы Қанат Әбіш. Ол Тегісшілдік ауылы әкім­шілік ғимаратының алдына кішігірім субұрқақ орнатуды өз мойнына алып, шаруаны үлкен абыроймен атқарып шықты. Осы істі атқаруда Мирас Шәріп, Жанат Есжанов, Ернияз Тұрсынбек сынды ауыл аза­маттары үлкен көмек көр­сетті. Қанат Әбіш алда­ғы уақытта әкімдікпен бір­ле­сіп, субұрқақ жаны­нан ауыл тұрғындары мен қонақтары демалатын аллея салмақшы. Ауыл әкімі Нұрлан Қапан да іргелі іске әкімдік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетіндігін айтты. Елбасымыз Н.Ә.Назар­баев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ма­қа­ласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» дей келіп, «басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, ше­неу­ніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, кері­сінше, ынталандыру керек» деп айтқан болатын. Ел­ба­сының осы айтқаны ту­ған жерді ұлықтайтын жан­­дардың арқасында жер-жер­де жүзеге аса бастады. «Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа» дегендей, Қанат Әбіш сынды азамат­тың туған жерге деген қамқор­лығын Қарқаралы өңірі­нен түлеп ұшқан басқа жандар қолдап, ауылдарының өркендеуіне өзіндік үлес қосып жатса, патриотизм дегеніміз сол емес пе!

Нұржан КӨШКІНБАЙТЕГІ

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тоқтар ауылы