• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 07 Тамыз, 2017

Орынборлық оқушылар елорданы тамашалады

195 рет
көрсетілді

Орынбор облысының 50 дарынды оқушысы Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалады. Қонақтар үш күн бойы көрме павильондарын аралап, қаланың көрікті жерлерімен және елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументімен танысты. 

Орынборлық жеткін­шек­тер­дің сапары Ресей Федерация­сының Білім және ғылым ми­нистрлігі мен Ақтөбе облы­сының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Балалар елордадан оралған соң Ақтөбе қаласына экскурсия жасап, қаланың тарихы туралы деректерге қанықты. Тахауи Ахтанов атындағы об­лыс­тық драма театрында, Әлия Мол­дағұлова атындағы мемориалды кешенде, Тұңғыш Президент атындағы саябақтағы сулы-жасыл бульварда болды. Ресейлік тарап өткен жаз айларында ақтөбелік балаларды қарсы алған болатын. Бүгінде Орынбор облысын­дағы «Күншуақ елі» балаларды сауықтыру лагерінен 20 ақтө­белік жасөспірім оралды. Тамыз айының 2-сі мен 15-і аралығындағы кезеңге бару үшін өңірдегі дарынды бала­лар­дың төртінші тобы дайындалуда.