• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Тамыз, 2017

Аспанасты елінің аяқ алысы қандай?

181 рет
көрсетілді

Шығыстағы алып көршіміз Қытай елінің тыныс-тіршілігі кім-кімді де қызықтырары анық. Соңғы бірнеше онжылдықтар бойына экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдің Қазақстан үшін де маңызы ерекше. Олай болса, ол елдегі жағдай қандай деген сауалға аз-мұз жауап іздеп көрудің де еш артықтығы жоқ.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың алғашқы жыртыжылдығында Қытайда темір жолмен жүк тасы­малдауда тұрақты өсім бай­қалған. Ал оның өзі осы ел­дегі экономикалық қызметтің қан­шалықты белсенді екендігін аң­ғартады. Мәселен, 2017 жы­л­дың қаңтар-маусым айларын­да темір жол көлігімен тасы­малданған жүк көлемі жыл­дық есептеуде 15,3 пайызға артып, 1,82 миллиард тоннаны құрады, деп хабарлады сол елдің мемлекеттік даму және реформалар ісі жөніндегі комитеті. Тек мау­сым айында ғана өсім 16,3  пайызды көрсеткен. Осылайша, аспан асты елінің ішкі жалпы өнімі бірінші жартыжылдықта 6,9 пайызға ұлғайып отыр. Осы ретте мынадай бір назар аударарлық деректі келтіре кет­пек­піз. Соңғы уақыттары қытай­лық ұялы телефондар ішкі рынокта ғана емес, сонымен бірге сырт­қы рынокта да кең тарала бастаған. Жаһандық ғылыми-тех­никалық рынок саласындағы Canalys сараптамалық ком­па­ния­сының 25 шілдеде жария­лан­ған есебіне сәйкес Apple ұя­лы телефондарының Қытай рыно­гындағы құлдырауы одан әрі жалғасып, соның салдарынан «ал­ма» телефондар бесінші орынға дейін төмендеген. Соны­мен бірге, қытайлық ұялы теле­фон­дар пропорциясы 87 пайызға дей­ін жеткен.  Apple компаниясы теле­фон­дарының беделі мен ықпа­лы­ның құлаған үстіне құлай бе­руіне баға мен сапа арақа­тынасының онша жоғары бол­мауы және табыстарды бөлу базасында туындайтын даулар себепкер болып отырғанға ұқ­сайды. Телефондардың қау­іпсіздік проблемасына және ком­панияның өз клиенттерімен қ­­а­рым-қатынасына байланыс­ты Samsung өнімдерінің қы­тайлықтар арасында әлде­қашан-ақ өз беделін жойғаны мәлім болып отыр. Екінші жағынан келгенде Huawei, OPPO, Vivo және Xiaomi сияқты қытай­лық брендтердің өздерінің дис­трибьютерлік желілерін кеңей­тудің және өнімді тез арада жа­ңартып тұрудың арқасында Apple мен Samsung-ті көш бас­таушы позициялардан алыстата отырып, алғашқы төрт орынды берік иеленіп алуы да көп жайттан хабар беретін болса керек.  2017 жылы смартфондар сату бойынша рынокта көш бас­таушы компаниялардың дү­ние­жү­зілік тізімінде Huawei, OPPO, Vivo Apple мен Samsung-тен кей­­інгі орындарда тұр. Осы­лай­­ша, қытайлық ұялы телефон шы­ғарушылар алғашқы бестікке бе­рік еніп отыр. Сонымен бірге, қы­тайлық алты бренд топ-10-ға енген. Осыдан дәл бес жыл бұрын алғашқы бестікте бірде-бір қытайлық компанияның бол­ма­ғанын ескерсек, мұның өзін өте үлкен жетістік деп баға­лауға әбд­ен болады.  2016 жылдың қарашасына дей­ін Үндістан рыногына қы­тай­­лық брендтерді жеткізу көле­мі жалпы рыноктың 51 пай­ы­зын құраған болатын. 2016 жыл­­дың қазан айында Ресей ры­­ногындағы ZTE смарт­фон­да­рының үлесі алғаш рет айфон­дарды басып озып, екінші орын­ға шықты. Тек Samsung қана бірінші орынды сақтап қала алды. Еуропада Huawei қазірдің өзінде рынок үлесінде неғұрлым шапшаң өсіп келе жатқан брендке айналып үлгерді. Соның ар­қа­сында өткен жылдың бірін­ші жар­ты­сында ұялы телефондар жет­кізу көлемі екі есеге дейін ұлғайған. Қытай рыногында онша белгілі емес TECNO, Itel және Infinix сияқты ұялы телефондар Африка рыногында кең танымалдылыққа ие болып отыр. Соның нәтижесінде олар­дың осынау «қара құрлық» ры­но­­гындағы үлесі 40 пайыздан асып түскен.  Қытайлық брендтер неғұр­лым жоғары сапалы өнім шы­ға­ру­ға күш-жігер жұмсап, ана­ғұр­лым маңызды технологияларды әзірлеу арқылы, сонымен бірге шетелдік рыноктардағы тұтыну мәдениетін барынша ескере отырып арзан бағалы және төмен са­палы деген атақтардан бір­тін­деп бас тартуда.  Үндістанның Livemint деп аталатын сайтында жарияланған түсініктемеге сенетін болсақ, қытайлық брендтердің табысқа жетуіне баға мен сапаның жо­ғары арақатынасы, үздік тұты­н­у­шылық тәжірибе, 4G техноло­гиясын қолданысқа барынша тезірек енгізу, сондай-ақ, қы­тай­­лық компаниялардың фо­то­­камера­ларды адамдардың күн­делікті өмірде пайдалануына айрықша рөл беруі бас­ты себеп бо­лып отыр. Ұялы те­ле­фон­дар­дың қытайлық брендтері қа­­зірдің өзінде америкалық ры­нок­қа енудің жоспарын белгілеп қойған, сонымен қатар АҚШ-та көш бастаушылар болып табылатын Apple және Samsung телефондарына қарсы «майдан» ашуға да дайындық жасауда екен. Бүгінгі таңда қытайлық ұялы телефондар «жасанды» немесе төмен сапалы тауар ретінде саналмайды. Олар техникалық тұрғыда өнеркәсіптік дизайнмен толық жарақтанған өнімдер болып табылады. Шындығында, тек ұялы телефондар ғана емес, со­нымен бірге жоғары шап­шаң­­дықтағы темір жолдар, ға­рыштық құрал-саймандар мен ядро­лық жабдықтар да Қы­тай үшін халықаралық даму­да елеулі сер­піліс әкелді. Сондықтан таяу болашақтың өзінде-ақ «Қытай өндірісінің» әлемді талай тамашалармен таңғалдыруы әбден мүмкін. Біздің бұл айтқандарымызды төмендегі мына бір цифрлар да растай түсетін сыңайлы. Үстіміздегі жылдың бірін­ші жар­тыс­ында Қытайдың мем­ле­кет­тік кәсіпорындары тұрақты өсім­ге қол жеткізген. Елдің қар­жы министрлігінің хабарлауынша, қаңтар-маусым айларында мемлекеттік кәсіпорындар та­быс­тарының жалпы сомасы ша­ма­мен 1,41 триллион юаньды (208,9 миллиард АҚШ доллары) құрап, өткен жылдың тиісті ке­зеңіндегі көрсеткіштен 24,3 пай­ызға асып түскен. Осын­дай­да мына қытайларыңыз тек жеке­меншік компания ғана бә­се­к­елестіктің арқасында же­тіс­тік­ке жете алады деген қа­саң тү­сініктің қабырғасын қақы­ра­тып жібергелі жатқан жоқ па өзі деген де ой келеді екен көкейге. Мысал үшін айтсақ, елде көмір, мұнай, мұнай-химия және көлік салаларында айтарлықтай өсім тір­келсе, тек электр энергиясы саласында ғана аздаған төмен­деу­шілікке жол берілген.  Тағы да сол жоғарыда өзіміз атап өткен даму және реформалар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметтеріне жүгі­нер болсақ, ҚХР-да табиғи газ­ды пайдалану көлемі 114,6 милли­ард текше метрге жетіп, ал­­дындағы жылдың сондай кезе­ңі­мен салыстырғанда 15,2 пайыз өсім көрсеткен.  Сарапшылар мұндай өсім­ді ұлттық экономиканың тұрақ­ты дауымен, энергия тұтыну құры­лым­дарының жақсаруымен, сол си­яқты жұртшылықтың қор­ша­ған ортаны қорғауға қатысты ақ­параттануының арта түсуімен бай­ланыстырып отыр. Сөз соңында Шаньдун про­вин­циясының (Шығыс Қытай) «Бір белдеу – бір жол» бой­ын­дағы елдермен сауда айналы­мы 2017 жылдың бірінші жар­ты­сы­ның қорытындысында 245,45 миллиард юаньды (1 АҚШ доллары – 6,7 юань) құрап, өткен жыл­дың тиісті кезеңіне қар­­а- ған­да 29,8 пайызға өскенін де ай­та кету қажет. Экспорт пен им­порт көлемі тиісінше 131,03 және 114,42 миллиард юаньды құраған. Міне, осы келтірілген деректерге қарап-ақ алып көршіміздің қазіргі аяқ алы­сы­н аң­ға­ру­ға болады. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»