• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Технология 07 Тамыз, 2017

Теңдесі жоқ электр стансасы салынады

151 рет
көрсетілді

Ақмола облысында Орталық Азиядағы күн көзінен қуат алатын ең ірі электр стансасы салынатын болды. «KB Enterprises» компаниясы инвестор әрі жобалаушы ретінде қуаты 100 МВт-ға жететін электр стансасын салуға дайындық жұмыстарын аяқтап, енді жобаны жүзеге асыруға кірісіп те кетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жаңа электр стансасы Целиноград ауданы Қабанбай батыр аулында салынады. Жобаның жалпы құны 165 миллион еуроны құрап отыр. Бүгінгі таңда аталған жобаның сәтті қар­қын алуына барлық жағдай жа­сал­ғандығын айта кету керек. Аумағы 300 га құрайтын учаскеде дайындық жұмыстары басталып та кетті. Мердігер ұйым ретінде халықаралық SUMEC CLEAN ENERGY INTERNATIONAL CO.,LTD холдингі құрылыспен айналысатын болады. Ал құрылыс энергетика саласында алдыңғы лекте саналатын АВВ еуропалық концернімен ыңтымақтаса жүзеге асырылары белгілі болып отыр. Аталған концерн құрал-жабдықтарды таңдаудан бас­тап, оны жеткізу мен монтаждауды қоса алғанда бүкіл жұмыс ырғағына өз сарапшыларын қатыстырады. Осылайша Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи жоғары технологиялы энергетикалық кешен іске қосылғалы тұр. Аталған жоба қосымша жұмыс орындарын құрумен қатар, өңірдің энергетикалық жүйесін жақсартады және болашақта облыстың, тіпті еліміздің қаржылық-экономикалық жағдайын арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде. Бұл сонымен қатар, елі­міздің болашағы зор инвес­ти­циялық «жасыл» технологияларды қабылдай алатын ашық рынок екендігін паш етеді. Осылайша аталған жобаның сәтті басталуымен еліміз әлемдік қауымдастыққа өзінің жоғары технологиялы, экологиялық және пайдалы жобаларға мүдделі екенін байқата түседі. «KB Enterprises» компания- сы тартқан жобаға қатысушылар халықаралық дәрежедегі сарапшылар екендігін ескерсек, аталған стратегиялық жобаның жүзеге асыуына күмән келтіруге болмас. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы