• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 07 Тамыз, 2017

Бір ұтып, бір ұтылды

126 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған спорттық шаралар аясында футболдан Football Cup турнирі өтіп жатыр. Бұл бәсекеде бұрынғы футбол жұлдыздарынан құралған алты елдің командасы күш сынасуда.

Әлем жұлдыздары және Гер­мания құрамаларымен бірге «А» тобына түскен Қазақстан футболшылары турнирді сәтті бастаған. Олар Германия құрамасын 8:6 есебімен жеңген болатын.

Ал екінші кездесуде жер­лес­теріміз Әлем жұлдыздарынан 4:7 есебімен жеңіліп қалды.

«В» тобында Италия, Порту­га­лия және Ресей құрамалары өзара күш сынасуда.

Желаяқтың жеңілісі

Лондонда жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйгілі желаяқ, Олимпиаданың се­гіз дүркін чемпионы Усэйн Болт 100 метр­лік қашықтықта 9,95 секунд нәти­жемен қола жүлдені місе тұтты.

Еске салсақ, бұл чемпионат ямай­калық аңыз адамның спорт­тық карьерасындағы жекелей сын бойынша жүгірген ақырғы жарысы болатын.

Ал бұл сында америкалық жүйрік Джастин Гатлин мәре сы­зы­ғын 9,92 секунд көрсеткішпен бірінші болып қиып, әлем чемпио­ны атанды. Күміс медаль АҚШ-тың тағы бір атлеті Кристиан Коулманға (9,94) бұйырды.

 

Әзірлеген

Қайрат ЖҮНІСҰЛЫ