• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі тағайындалды

158 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Солтүстік Қазақстан әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі болып Дулат Тайшабай тағайындалды.

Дулат Қаратайұлы Тайшабай 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкое  ауылында туған.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан академиясын «заң және экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Мичуринский» ЖШС-де экономист-заңгер болып бастаған. 2001-2003 жылдары облыстық әділет басқармасында  бас маман қызметін атқарған. 2003-2005 жылдар аралығында  әкімшілік соттарда сот орындаушысы болған.

2005-2017 жылдары облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамантінде бас маманнан департамент  басқармасы басшысы лауазымдарына дейін өскен.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы