Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын орындау бойынша ағымдағы жағдайға баға берді, сондай-ақ оларды жақсарту және одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бақытжан Сағынтаев министрліктердің есептеріне сәйкес, бүгінгі таңда Бағдарламаны іске асыру бойынша әр облыстың қандай орында келе жатқаны айқын көрініп тұрғандығын атап өтті.
ҚР Премьер-Министрі әкімдерге жұмысты жалғастыруды және бағдарлама құралдарын жетілдіру бойынша айтылған ұсыныстарды ескеруді тапсырды.