• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

Үйренерлік үздік үлгі

323 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев «Ядросыз әлем үшін» ха­лық­ара­лық форумы ая­сында бір­қа­тар екіжақты кез­десулер өткізді, деп ха­барлады Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы МАГАТЭ-­нің Бас дирек­то­ры Юкия Аманомен кездесу өт­кізді. Тараптар екіжақты өзара іс-қи­мыл­дың жай-күйі мен перспек­тиваларын және ха­лықаралық фо­­румның күн тәртібін талқы­лады. – Қазақстан – бұл өзге елдер үшін үлгі. Мен Нұрсұлтан На­зарбаевтың бар­­лық бастамасын қолдаймын. Сіз­дердің Пре­зи­дент­теріңіз қазірдің өзінде адамзат ядролық қарусыз әлемге жа­қын­дауға тағы бір қадам жасауы үшін өте көп жұмыс жасады. МАГАТЭ Қазақстанды барлық кез­де, соның ішінде ядролық энер­гетиканы бейбіт дамытуда қол­дай­тын болады, – деп атап өтті Ю.Амано.

*  *  *

Мемлекет басшысы ОАР экс-Пре­зи­денті, «Жаһандық көшбас­шылық қоры­ның» президенті Фредерик де Клеркпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынты­мақ­тастық мәселесі, сондай-ақ ха­лық­аралық фо­рум­ның күн тәртібі талқыланды.

*  *  *

Президент Канзас штатының губер­наторы Сэмноэл Браунбекті қабыл­дады. Кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимыл мәселесі, сондай-ақ халық­ара­лық форумның күн тәртібі талқыланды.

*  *  *

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ конгресмені Эни Фалеомаваеганы қабыл­дады. Тараптар екіжақты өзара іс-қи­мыл­дың жай-күйі мен перс­пек­тиваларын, сондай-ақ халық­ара­лық форумның күн тәртібін тал­қылады.

*  *  *

Мемлекет басшысы Ядролық сынақ­тар­ға жалпыға бірдей тый­ым салу ту­ралы келісім ұйымы Дайындық комис­сия­сының Ат­қа­рушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады. Кездесу кезінде екіжақты ын­тымақтастық мәселесі мен ха­лық­ара­лық форумның күн тәртібі тал­қыланды.