• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әдебиет 10 Тамыз, 2017

Қасірет картиналары

950 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы Ұлттық музейде танымал қылқалам шебері, антиядролық ұстанымын өзінің шығармашылығына арқау етіп жүрген азамат Кәріпбек Күйіковтің «Радиация» атты көрмесі өтті.

Суретші 1947-1991 жылдар ара­лығында 490 дүркін атом бом­басы (26 дүркін жер бетін­де, 87 дүркін атмосферада, 354 дүркін жер астында) жарылып, сынақ жүргізілген Семей ядро­лық полигонына іргелес Егін­дібұлақ ауылында туған. 

«Бала кезімде жарылыс­тан үйдегі аспалы шамдар қоз­ғалып, ыдыс-аяқ сылдырлай­тын. Бәріміз далаға атып шы­ға­тын­быз. Бізге радио хабар­лама арқылы «ешқандай ра­диа­цияның тарамағаны» туралы айта­тын.  Сөйтсек, олай болмапты, мен туған ауыл 40 жыл радиа­ция уын жұтыпты. Көп­теген отбасында мүгедек ба­лалар дүниеге келді. Соның бір куә­сі менмін. Сондықтан өмі­рім­ді осы мәселеге арнадым», дейді К.Күйіков. Көрмеге суретшінің  20-ға тарта туындысы қойылды. Олар­дың арасында кенепке майлы бояумен салған: «Полигон құр­баны», «Ана қорқынышы», «Аман қалған», «Бұрышта», т.б. картиналарымен қатар аква­рель стилінде қағазға жа­зыл­ған «Қазақ эпосы», «Қарт­т­ар» атты шығармалары бар. Туындылардағы басты та­қы­рып – ядролық қарудың адам баласына тигізген зардабы. Сондықтан да болар  2016 жы­лы Вашингтон қаласында өт­кен Ядролық қауіпсіздік сам­митінде Елбасы Нұрсұлтан На­­зарбаев сол кездегі АҚШ Пре­­зиденті Барак Обамаға Күй­і­ков­тің «Жарылыс» атты картинасын табыстаған болатын. 

Жиынды ашып, сөз сөйлеген Ұлт­тық музей басшысының мін­детін атқарушы Жәкен Тай­мағамбетов мырза, бұл ша­раның осымен үшінші мәрте ұйым­дастырылып отырғанын, бұл жолы 1945 жылы 6-9 тамыз­да Жапонияның Хиросима жә­не Нагасаки қалаларына тас­тал­ған атом бомбасының зарда­бын еске алу мақсатында өтіп отырғанын жеткізді. 

Көрменің өтуіне қолдау көр­се­ту­шілер атынан – Сыртқы іст­ер министрінің орынбаса­ры Роман Василенко мен Жа­по­ния­ның еліміздегі Төтенше жә­не өкілетті елшісі Итиро Ка­вабата жылы лебіздерін біл­діріп, шығармашылық иесіне толайым табыстар тіледі.