• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Тамыз, 2017

Қазақмыс – бизнестің табысты трансформациясы

975 рет
көрсетілді

«Қазақмыс корпорациясына» 20 жыл толып отыр. 1997 жылдың жазында «Жезқазғантүстіметалл» АҚ «Қазақмыс» ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (АүАҚ) болып қайта құрылған еді. Іс жүзінде банкроттықтың табалдырығында тұрған компанияның мыс өндірудің аса ірі кәсіпорнына қалай айналғаны туралы сенатор Сергей Михайлович ЕРШОВ, «Қазақмыс Корпорациясы» Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ және компанияны құрудың бастауында тұрған олардың серіктері әңгімелеп береді.

Сергей ЕРШОВ, Қазақстан Респуб­ли­­касы Парламенті Сенатының де­пу­та­­ты: «Проблемалар тасқыны бі­рінен кей­ін бірі өндірісті қыспаққа алған еді...».

– «Қазақмыс корпорациясы»-ның қалып­та­суы көптеген отбасылар қиындықтың қа­мыт­ына бас сұғып, болашағына сенуден қалған аса күрделі кезеңде жүрген бо­латын. Тәуелсіздіктің елең-алаңында «Жез­қазғантүстіметалл», еліміздің басқа да көптеген кәсіпорындары секілді, тұ­ра­лаудың сәл алдында тұрған еді, – деп ес­ке алады Сергей Ершов. – Проблемалар тас­қыны бірінен кейін бірі өндірісті қыс­паққа алған болатын. Оларды шешу үшін басшылыққа озық ойлы, жау­ап­кер­шілік пен тәуекелді мойнына толық ала алатын адамды қою керек болды. Сол кездердің куәгері ретінде айтарым, сол сәтте ел басшылығы тарапынан жал­ғыз ғана дұрыс жол таңдалғанымен, бұл көпшілік үшін күтпеген шешім еді. «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-қа бі­рін­ші басшы болып 35 жастағы Вл­а­ди­мир Сергеевич Ким тағайындалды. Уа­қыт Мемлекет басшысының қате қа­дам­ға бармағанын көрсетіп берді. Пре­зидент жас, іс жүзінде сынақтан өт­кен қа­зақ­стандықтарға басымдық бер­ген бола­тын. Мұны да кездейсоқ дей алмасақ ке­­рек, өйткені, Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың өзі де 44 жасында Қазақ КСР Ми­ни­стрлер Кеңесінің төрағасы болған еді ғой. Елбасының жас басшыдан өзіне тән қуат пен ілкімділікті, серпінділік пен жасампаздықты көре білгені анық. Бі­рін­­­ші кезекте жаңа команда өндірістің ст­­ра­­тегиясын айқындап, кеніштердің, фаб­­рикалар мен зауыттардың техникалық қай­та жарақтандырылуы мәселелерін шеш­ті, сонымен бір мезгілде бірте-бірте жа­ңа өндірістік қуаттар іске қосылып, жұ­мыстың ілгерінді пішіндері енгізілді. Сөй­тіп, зауыттың құбырларынан түтін бу­дақтап, Жезқазған өңіріне жаңа леп әкел­ген­дей болды. Осылайша адам­дар­дың да көңіл-күйлері көтеріліп, болашақтарына сеніммен қарай бастады. Сол кезде, «Жезқазғантүстіметалл» құрамына жаңа құ­рылымдық бөлімшелер енгізілуіне бай­ланысты кәсіпорынды «Қазақмыс Кор­порациясы» деп қайта атау туралы ше­шім қабылданды. Жоспарлы жұмыс өзінің нәтижесін берді. 2005 жылы компания өзінің акцияларын Лондонның қор биржасына салып, бүкіл әлемге әйгілі, баршаға ашық мәртебеге ие болды.

Ал Қазақмыс басшысы Владимир Сергеевич Ким Қазақстан Президенті бастаған тәжірибені тиімді жалғастырып, жас жә­не ілкімді өндірісшілерді ілгерілетіп отырды. Жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тә­­жірибесімен бөлісетін Ғазиз Омарұлы Омаров, Қадыр Маткенов, Игнатий Ев­геньевич Ли, Григорий Гаврилович Сав­чук, Виктор Иванович Лавецкий, Виктор Васильевич  Сербин секілді және тағы басқа еңбек майталмандары да бар еді.

Эдуард Викторович Огай Қазақмыс бас­қармасының төрағалығына 37 жа­сын­да тағайындалды. Ол сол күрделі ке­зеңде үлкен тиімділікпен жұмыс істеп, ком­­панияның дамуына айтарлықтай үлес қосты және осы үдерісті бүгін де әрі қа­рай жалғастыруда. Қазіргі таңда тау-кен мә­селелерін халықаралық деңгейде жақсы мең­герген жоғары дәрежелі менеджер.

Ата-баба жолын жалғастырып келе жатқан кенші Бақтияр Абдрахманұлы Қырықпышев ұжымды корпорацияның Бас директоры ретінде 40 жасында басқ­а­ру­ға кірісті. Оны тау-кен өндірісінде жас кезінен алған білім-білігі ғана емес, ең­бек­қорлығы, жаңаны жерге түсірмей қа­ғып алатын әбжілдігі, маңызды шешім қа­был­дардағы тапқырлығы ерекшелеп тұ­рады.

Владимир Сергеевичтің бас­шы­лы­ғы­мен Қазақмыстың қалып­тасуына аса тә­жі­­рибелі бірқатар басқарушылар: Руслан Бо­рисович Юн – бас кенші, Қайсар Жұ­маханұлы Телешев – металлург, Вик­тор Алексеевич Цветков – байыту ше­бері, Ғафура Нұртазақызы Ибраева – қаржы маманы, Асқар Қадыркенұлы Дүй­сем­баев – қамтамасыз етуші, Владимир Ни­­колаевич Малышев – әкімші, Генна­дий Иванович Шатохин – көлікпен қам­тамасыз ету саласын басқарды. Ас­қар Қадырұлы Маткенов – сыртқы эко­номикалық қызметпен айналысты, Николай Федорович Бондарев – энергетик, Михаил Арамович Бегляров – бас механик, Леонид Юрьевич Ракутин – бас құрылысшы, заң қызметін құрған Эльдар Валерьевич Мамедов сүбелі үлес қосты. Маған корпорацияның өнімімізді шетелге шығаратын логистикалық жүйесін құру жауапкершілігі жүктелді. Баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тәуелсіз жас Қазақ­станның қалыптасу кезеңіндегі барлық қиындықтарды бірге бөлістік. Сол кезде бәріміздің жасымыз 35-37 аралығында ғана болатын!

Бүгінде корпорация жұмыс­шы­ла­ры­ның орташа жасы 39-ды, ал орташа ең­бек өтілі 12 жылды құрайды. Бұл өсу әлеу­еті өте жоғары, тылы аса бе­рік жас­тар ұжымы, және, әрине, оны уа­қыт та­мырының соғысын дөп баса біле­тін жас­тар басқаруы тиіс. Владимир Сер­ге­евич Ким, көп жыл бойы ел Пре­зи­дентінің тікелей басшылығына иек арта отырып, Елбасының жанында басшыға қажетті барлық талаптарды толық меңгере білді. Бұлар – іскерлік, адамдарға жақындық, бастамашылық, адамдарды жұмылдыра білу, инновациялық, батылдық, талап­ты­лық және табандылық қасиеттері. Өз кезегінде, мінездің осы сипаттарын, кор­порация басшылығының келесі буыны жақсы меңгеру үстінде. Өйткені, бұл – қатаң бәсекелестік пен әлемдік дағ­дарыстар жағдайында жұмыс істеудің аса қажетті шарты.

20 жыл – кәсіпорынның жалпы эко­но­микадағы орнын айқындауға мүм­кін­­дік беретін уақыт. «Қазақмыс корпора­циясы» Қазақстан Республикасының эко­номикасында маңызды орын алады, жұ­мыс­шылардың еңбекақысы да ең­бегіне сай, кәсіпорын заман талабына жауап бе­ретін деңгейде дамып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымының жұмысын жоғары бағаласа, мұн­да әр еңбеккердің үлесі бар.

Мен барлық қазақмыстықтарды – кә­сіп­орын жұмысшыларын, ардагерлерді, олардың отбасыларын еңбек ұжымы тарихындағы айтулы күнмен құттықтай отырып, бақыт пен табыс тілеймін!

Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ, «Қа­зақмыс Корпорациясы» ЖШС ба­с­қа­рушы кеңесінің Бас директоры: «Біз­дің кен базамыз компанияның жұмысын та­ғы ондаған жыл бұрын қамтамасыз ету­ге мүмкіндік береді».

– «Қазақмыс корпорациясы» құрылған сәт­те мен енді ғана жұмыс істей бастаған едім. Инженер-механик мамандығын ал­ған­нан кейін Солтүстік-Жезқазған ке­ні­ші­не БелАЗ жүргізушісі болып жұмысқа ор­наластым, – деп еске алады Бақтияр Аб­драхманұлы. – 1997 жылы шахтада жұ­мыс істеуге шешім қабылдап, әуелі же­ра­сты механигі, кейін тәжірибе участо­гына кен инженері болып, Шығыс-Жезқазған кенішіне ауыстым. Ауыр кезең болғандықтан, сол кездегі өндіріс технологияларын өзгертудің түрлі нұсқаларын қарастыру қажет болды. Бүкіл дерлік уақытымызды біз жұмысқа арнадық – құрамы бай кен өндірудің қанатқақты жобаларын енгіздік. Сол айтарлықтай ауыр шақта біз шахталарға кәдімгі рейстік автобус- тармен жетіп жүрдік, өйткені, қызмет көлігі жоқ еді, еңбекақыны уақтылы ала алмадық, үйлерімізде жарық пен жы­лу болған жоқ. Сол кезде жанымдағы жұ­мыс­шылардың көпшілігі болашағына се­німсіздікпен қарады. 1995-1997 жылдар компания үшін бетбұрысты кезең бол­ды, себебі, жанқиярлықпен еткен еңбек­тің нәтижесінде айналдырған екі жылдың ішінде айтарлықтай та­быс­қа қол жеткізілді. Басқарушы ұжым­ның тиім­ді жұмысының арқасында өндіріс тұ­рақталып, өнімділігі жоғары авто­маттандырылған жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды және еңбекақы да өсіп, ол қолға тұрақты түрде тиетін болды, жарық, жылу және ыстық су да оқтын-оқтын өші­рілуін қойып, қызмет көлігі пайда болды. Бұдан бөлек, компанияның өндірістік базасын белсенді түрде кеңейту басталды.

– Кей кездері менен Қазақмыстың табыс­ты дамуына қандай факторлар ықпал етті деп сұрайды, – деп жал­ғас­тырды сөзін Бақтияр Абдрах­ман­ұлы. – Мен бірінші кезекте корпорация Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың арқа­сында жоғары дең­гейге көтерілді деп есептеймін. Ел­ба­сының Владимир Сер­геевич Ким­ді компанияның басшы­лы­ғына тағай­ын­дау туралы шешімі дұрыс және дер кезінде қабылданған шешім болды. Владимир Сергеевичтің келуі, яғни оның бас­шы ретіндегі таланты мен ұйым­дас­тырушылық қабілеті және еңбек­­сүйгіштігі компанияның аяғы­нан жыл­дам тұруына жәрдемдесті. Шын мәнінде, руль­де кең өмірлік көз­қа­расы, жерасты әлеуетін ғана емес, сон­дай-ақ адам ресурста­рын көре білу қа­білеті бар адамның бол­ға­ны жөн ғой. Уақыт көрсеткендей, жа­ңа басшы негізгі салмақты жергілікті бас­қа­ру­шы­ларға артып, дұрыс страте­гия таң­дады. Корпорацияның осы саясатты кү­ні бүгінге дейін ұстанып келе жат­қ­анын айта кетудің артықтығы жоқ. Қазақмыста жұ­мыс істегенін мен ғана емес, кор­порацияның басқа жұмыс­шы­лары да мақ­тан тұтады ғой деп ойлаймын.

20 жыл – тек мықты тылы ғана емес, сондай-ақ, дамудың ұзақмерзімді стратегиясы бар компания үшін шекті мерзім емес.

– Қазіргі таңда біздің Жезқазған алаңында 100 миллион тоннадан астам баланстық қор бар. Егер одан тыс қорлар мен байытылмаған кенді қоса есептегенде, 1 миллиард тонна төңірегінде әңгіме қоз­ғауға болады, – дейді «Қазақмыс Кор­порациясы» ЖШС Басқарушы кеңе­сінің Бас директоры. – Біздің кеніш ба­за­ларымыз компанияның жұмысын он­даған жыл бұрын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2010 жылдан бері қа­рай геологиялық барлау жұмыстарына бө­лі­ніп келе жатқан қосымша қаржының ар­қасында 60 миллион тонна қоры бар кеніш көзін таптық. Бұдан бөлек, бар­лаудың жүзеге асырылу үстіндегі бағ­дар­ламаларына сәйкес, бізге қосымша ре­сурстар беретін жаңа кен орындары да анық­талып отыр. «Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович Огайдың ­тапсырмасы бойынша геологиялық бұ­р­ғылау жөнін­дегі бесжылдық бағд­ар­лама түзі­лген, ал игерудің жос­парланған сомасы 13 миллиардтан астам теңгені құрайды. Сондықтан жұ­мысшыларымыз ұзақ жыл жұмыспен қамтамасыз етілетіндеріне сенімді.

Мен өздерінің күнделікті қажыр­лы еңбектерімен «Қазақмыс корпо­ра­ция­сы»-ның дамуы мен өсіп-өркендеуіне үлес қо­сып келе жатқан компанияның бар­­лық жұмысшы, қызметкерлеріне ри­за­­шы­лығымды білдіргім келеді. Ком­­па­нияның басына бұлт үйірілген дағ­­да­рыс­ты кезеңдер де болды, бірақ біз туған ком­паниямыздың игілігіне орай атқарған жан­кешті еңбегіміздің арқа­сын­да олардың бә­рін еңсере білдік. Қазақмыстың барлық еңбек­керлеріне әрі қарай да жемісті және қау­іпсіз жұмыс, отбасыларына игілік тілей­мін. Бүгінде біз болашаққа зор сеніммен қараймыз және сол болашаққа бірге жететін боламыз!

Эльдар МАМЕДОВ, KAZ Minerals Management Басқармасының тө­ра­ға­сы: «Қазақмыс Қазақстан биз­не­сі­нің жаңа философиясына айналды».

– 1997 жылы мен заңгерконсульт болып жұмыс істедім. Мамандығымыздың ерекшелігіне орай біздер, заңгерлер де ком­пания қалыптасуының күрделі де қы­зық­ты үдерістеріне белсенді қатыстық. Тә­жі­рибеміздің аздығына қарамастан, бі­з­дер көп жағдайда үйренеріміз бар  тә­жі­рибелі басшыларымызбен қоян-қолтық жұмыс істеуіміздің арқасында алға қойған мақсатымызға қол жеткізе алдық.

Бүгінде «Қазақмыс Корпорациясы» – заңды тұлғаның атауы ғана емес, ол – жаңа дәуір, Қазақстан бизнесінің жаңа философиясын іс жүзіне асырған дамудың және алға ілгерілеудің ырғақты кезеңі. Бірнеше жылдың ішінде ғана «Қазақмыс корпорациясы»-ның туы астын­да Қазақстанның бүкіл мыс өнер­кәсібі бас біріктірді. Қазақмыс – халықаралық ин­вес­торлар білетін бренд. Міне, өткен 20 жыл бедерінде кор­порацияның аты «Қазақ­станның мыс индустриясы», «жоғ­а­ры кәсіби­лік пен сенімділік», «әлеу­мет­тік жауап­кер­ші­лік» секілді категориялармен қатар аталады.

Геннадий ШАТОХИН, Қазақмыс­тың еңбек сіңірген ардагері: «Бұл қиын да қызықты жылдар еді».

– Мен өзімен бірге істеген бас­қарушылар командасын құрған Влади­­мир Сергеевич Кимнің рөлін атап өткім келеді. Соның арқасында кез келген күрделі міндеттерді шешуге қа­бі­ле­тті, бірін бірі алмастыра алатын жә­не бір-біріне қолұшын созуға әзір тама­ша ұжым қалыптасты. Бұл команда кү­ні бүгінге дейін қарым-қатынастарын жо­ғал­тқан жоқ. Мен үшін бұл ең қиын да қы­зықты және жемісті жылдар болды. Мұ­ндай басшымен жұмыс істеу екі­нің бірі­нің маңдайына жазыла бер­мей­ді жә­не мұны біз қашанда үлкен риза­шы­лықпен еске алатын боламыз.

Виктор ЛАВЕЦКИЙ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Әкімшілігі басшысы қызметінің бас маманы: «Біз жаңаша ойлап, жұмыс істеуге үйренген едік».

– 1995 жылы Жезқазғанға Вла­ди­мир Сергеевич Ким бастаған бас­қа­ру­шы­лардың жаңа командасы келді, дей­ді Виктор Иванович. – Олар өндірісті бас­қарудың жаңа пішінін енгізе бас­тады. Бізді де жаңаша ойлап, жаңаша жұ­мыс істеуге үйретті. Сол уақытта біз­дер компанияны кен өндіру көлемін арт­тыруға қаржы аудару мәселесі қы­зықтыратынына, қаржының байыту жә­не мыс балқыту өндірісі проблемала­рын шешуге бағытталатынына куә бол­дық. Адамдар өз еңбегінің нәтижесін көр­ген­діктен беріле жұмыс істеді. Жаңа бі­лім­мен қаруланған біздің мамандар өн­дірісті қайта жаңғырту ісі мен Қазақмыс корпорациясының қалыптасуына орасан зор үлес қосты.