• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Тамыз, 2017

Әлеуметтік мәселелер әркез басты назарда

227 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы №14 емханада Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Серік Сейдуманов «100 нақты қадам Ұлт жоспары», Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру бағдарламасын талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Алатау ауданында орналас­қан №14 қалалық емхана − бас­тапқы медициналық-санита­рия­лық көмек көрсететін дер­бес ұйым. Ол  35 мыңға жуық тір­кел­ген жандарға медицина­лық көмек көрсететін ауқымды емдеу орталығы болып табылады.

Серік Сейдуманов мемлекет­тік және үкіметтік бағдар­лама­ларға, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері міндетті әлеумет­тік медициналық сақтан­дыру жүйе­сін енгізу және Алатау ауда­нын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жөнінде сұрақ­тар қойды. Сонымен қатар, дәрі­гер­лер медицина саласы бойын­ша жоғары оқу орындарын бітірген  түлектердің өз еңбек жо­лын бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету жүйесінен бастауын ұсынды.

– «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын біздің елімізді және оның барлық саласын реформалау мақсатында нақты әрекет етуге ықпал ететін құжат  деп айта аламын. Мұн­да медицинаның алар орны ерекше. Ұлт жоспары бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қабыл­данған заңдар шеңберінде 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан бас­тап өз күшіне енеді. Алатау ауданын­дағы №14 емханада кездесу ұйымдастыруыма да нақты себеп осы болып отыр. Басты мақсат осы жүйенің іс барысында қалай жұмыс істейтінін көру, – деді Серік Сейдуманов.

Мәжіліс депутаты Алматы қаласына сапары барысында сондай-ақ, қалалық әуежайда, «Казферросталь» кәсіпорнында болып,  мемлекеттік органдар және Қоғамдық кеңес өкіл­дерімен кездесулер өткізеді.

Бағашар  ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ