• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2017

700 мыңдай қаражат жиналды

262 рет
көрсетілді

Жақында Қазталов аудандық мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық кеші өткен-ді. Осы кешті ұйымдастыруға, жаңашылдыққа жаны құмар әріптесіміз Жұлдыз Асқар ұйытқы болды. Қайырымдылық кешінің жұртшылық көңілінен шығуына бар күш-жігерін жұмсады.

Ауданның 13 округін аралап, адамдардың бір-біріне қамқорлығын, қол ұшын созуын жастар өздерінің бағдар­ламаларында анық, айқын көрсетті. Нәтижесінде, 13 округ­­те өткен қайырымдылық шара­сында 700 мың теңгедей  қаражат жиналып, ол қаражат қайырымдылық кешінің әр округтердегі кейіпкерлеріне табысталды.

Міне, осындай істің басында болған жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары  Дәурен Батырғалиев, Аман Қабошев, Аян Каримоллин, Ару Мұстажапова, Нұрсұлтан Бекманов, Жәдігер Мұқашев,  Әлімжан Шангереев, Салтанат Басерова, Ерхат Бекмолдин, Қайрат Науханов, Нұрлыбай Ердосбай өздерінің жаңалыққа құмар бастамаларын көрсетумен қатар, бойларындағы таланттарын да паш етті. Ал осы аға-апаларымен бірге өнерін көрсеткен мектеп оқушысы Асылжан Хайредденов мүм­кіндігі шектеулі құрдастарына кішкентай жүрегімен жылу сыйлағанын көрген жұртшылық көздеріне еріксіз жас алды...

Әсем БОЛАТ

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы