• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2017

Павлодардың арнайы экономикалық аймағында 6 жоба жүзеге асырылуда

167 рет
көрсетілді

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің хабарынша, биылғы  жылдың алты айы ішінде бұл кәсіпорындар 8,3 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Алдағы уақытта тағы да 5 жоба қосылмақшы.

Ал, жыл басынан бері облыс орталығының  кәсіпорындары 318,8 млрд теңгенің өнімін шығарыпты. Қаланың негізгі капитал қорына 69,8 млрд теңге инвестиция салынған.

Екіншіден, инвестиция тарту мақсатында қазір бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі уақытта 34 жоба күтіп тұр. Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартып, кәсіпкерлікті қолдауда өте қажет. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 1876,3 миллион теңге қаржы бөлінді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес, биыл қалаға жақын кентте «Group KSM» ЖШС элеватордың құрылысын жүргізсе, «Агротехника Дидар» серіктестігі диірмен кешенін тұрғызады. Инвестицияның қажетті үлесі «Мұнай-химия зауыты, «Павлодар Тұз», «Format mach company» және «Tenil logistic» ЖШС тиесілі. Өндіріс барысын жаңғыртуды қолға алған «Қазақстан Алюминийі» және «Павлодарэнерго» АҚ-тардың инвестициялық көрсеткіштеріне де әсер етуде.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»