• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

Шекарада құрықталған

301 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекаралық кеңіс­тік­те барлық азаматтық және заңды тұлғалардың, оның ішінде шетел азаматтарының халықаралық шар­т­­тарды сақ­тау­ларына күн са­йын бақылау жасау жолымен Қа­зақстан Рес­публикасы Мемлекеттік шекара­сының күзетін жүзеге асырады. Күн сайын шекаралық кеңістікте 70-тен 100-ге дейін Қа­зақ­стан Республикасы Мемлекеттік шек­ара­сын бұзушылар ұсталады. Осы­лайша, 2011 жылғы 9 айда елі­міздің және шектес мем­лекет­тердің 1000-ға жуық аза­маттары ұсталды. Қазақстандық шекарашылар құқық қорғау органдарымен және табиғат қорғау ведомстволарымен әрекеттесе отырып, Каспий теңі­зі­нің айдындарында браконьерліктің жолын кесу және жүзудің қолайлы режімін сақтау бойынша шара­лар­ға белсенді қатысады. Жыл басынан бері Мемлекеттік шекарадағы әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін – 1125 адам жалпы сомасы 10 909 421 теңгеге  әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды. Қазақстан Республи­касы­ның ҰҚК Шекара қызметі есірткілік заттарды алып өту­дің 118 жағ­дайының жолын кесті. Ұстал­ған есірткілердің жалпы салмағы 430 килограмнан асты. Оның ішінде героин – 90 килограмнан астам, наша – 23 килограмнан астам, марихуана – 323 килограмнан астам. 12 гектар қарасора план­та­циясы жо­йылды. Мемлекет кірісіне 157 млн. теңге қара­жат қайтарылды. Нұрбек ЖАҚАНОВ, ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкері.