• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

Асылдарды ардақтады

435 рет
көрсетілді

Маңғыстау – небір тамаша, талантты өнер иелерін өсірген өлке. Әттең, солардың ішінде өмірден ертерек озғандары да бар. Олар Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби дирижері Боздақ Рзаханов пен әйгілі әнші, тарихшы-шежіреші Ізбасар Шыртанов еді. Жерлестері асыл азаматтарын өткен аптада еске алды. Еске алғанда Б.Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» атты республикалық дирижерлер байқауы мен І.Шыртанов атындағы облыстық фольклорлық ансамбльдер мен жеке орындаушылар байқауын дүркіретіп өткізді. Байқаулар нәтижесінде дирижерлер арасында бас жүл­деге оралдық Еркін Нұрымбетов, ал фольклорлық ансамбльдер ара­сын­да бас жүлдеге Жаңаөзен қаласының «Домбыра сазы» ансамблі ие болды. Өлке өнерінің өрісін кеңейтіп, халқына, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қал­дыр­ған асылдарын ардақтаған азаматтарға алғыстан бөтен айтар сөз бар ма? Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.