• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

Алтын көріп, жолдан тайған...

346 рет
көрсетілді

Қостанайда №108-ші «Киев-Ас­тана» жолаушылар пойызы жо­лау­шы­сының үстінен қыл­мыс­­тық іс қоз­ғалды. Үстіміздегі жыл­дың маусым айында бірлескен кеден­дік-шекара­лық бақы­лау жасалған кезде осы пойыз­дың 8-ші вагоны жолсерігінің дема­лыс купесіне жа­сырылған ал­тын-күміс әшекей бұйымдар та­был­ған болатын. Оны Украи­на­ның аза­маты қа­ңыл­тыр қал­та­ларға салып, жол­серік­тің купесіндегі қуысқа бай­қалмай­тын­дай етіп жасырған екен. Бірақ ол кеденшілер мен шекарашы­лардың қыра­ғы көзінен таса қалма­ды. Сөй­тіп, Астанаға жасырын бара жат­қан бағалы тауардың Таран ауданын­дағы Тобыл стансасына келгенде жолы қырқылды. Сарапшының қорытындысы ай­ғақтағандай, зергер бұйым­дар­дың басым көпшілігі күміс­тен жа­сал­ған. Алтын әшекейлер аз. Алай­да, тәркіленген тауар құн­­ды болып саналады, оның бағасы 7 875 000 теңгені құрай­ды. Аста­на­­ға алып бара жатқан осынша ба­ғалы әрі аса көп мөлшердегі ал­тын-кү­міс әше­кей­лер саудаға тү­сер ме еді, әлде басқа мақсатқа жа­ратылу үшін алынды ма, әзір ол жағы белгісіз. Енді арам жолмен байығысы келген пысықтың тағдырын әділ сот шешеді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.