• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Тамыз, 2017

Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

138 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында ауа райының күрделенуіне баланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

ШҚО-да 12 тамызда жауын жауады, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде түнде 12 тамызда желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз 12 тамызда Қостанай облысының кей өңірлерінде күн күркіреп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.