• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2017

Астанада тамыздың 14 мен 20 аралығында Солтүстік айналым жолы жабылады

435 рет
көрсетілді

Астанада автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Алаш тас жолынан бастап Өндіріс тас жолына дейінгі учаскедегі Солтүстік айналым жолы бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының 14-нен бастап 20-на дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады.

Қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.