«Бұл бокстағы ең үлкен жекпе-жек. Бәрі «Канело» екеуіміздің стилімізді жақсы біледі. Жекпе-жек үшін бұл ең тиімді. Мен өзімді жақсы сезінемін. 35-ке келсем де өзімді 25 жастағы кезімдей сезінемін. «Канело» 26-да, сондықтан біз жақынбыз. Біздің айқас - бұл ойын емес, бұл нағыз жекпе-жек! Ол да, мен де мұны ұзақ уақыт қаладық. Жанкүйерлер бұл кездесуден табысты болатынына сенімдімін», дейді Головкин видеода.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен қолғап түйістіреді. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады.