Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Бейбіт Исманов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда ауылдық округ әкімдері қызметіне 415 үміткер ұсынылып, 410-ы тіркелген. Олардан 138-і әкімдік лауазымға жайғасса , 81-і қайтадан сайланған. 131 әкім «Нұр Отан» партиясына мүше.
«Сайлау заң нормалары белгілеген тәртіппен өткізілді. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Сайланған әкімдердің үштен бірі – әйелдер», дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Сайлауды ұйымдастыруға 28 миллион теңге қаражат жұмсалған.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»