• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Тамыз, 2017

Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың рухтарына Құран бағышталды

490 рет
көрсетілді

​​​​​​​Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылған Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталды.

Төрт күнге созылатын маңызды шараны маңғыстаулықтар елордаға сәлем ретінде Отан қорғаушылар алаңындағы «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қоюмен бастады.

Соғыс қаһармандарының рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойған соң облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған өңірдің елге танымал тұлғалары «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген тәмсілді ұстанып, Қазақстанның халық жазушысы, Республиканың алғашқы Мемлекеттік хатшысы болған марқұм Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың рухтарына Құран бағыштады.

Баталы жиында Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабаева, сонымен қатар елімізге белгілі Маңғыстау өңірінің ақын-жазушылары, майталман спортшылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері да болғанын айта кеткен жөн.

Айта кетейік, Астанадағы Маңғыстау облысының мәдени күндері күндері 18-тамызға дейін жалғасады.