• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2017

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

370 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Кеңестік жетек­те болған социалистік лагерь мем­ле­кет­терінің арасында бұл ел бір кез­де барынша дамыған, эко­но­ми­касы орнықты, мәдениеті де, ғы­лы­мы да жоғары қарқынмен өр­кен­деп келе жатқан мемлекет саналатын. Жалған тұжырымдамаға негізделген «қоғамдық меншік», «қо­ғамдық сана» деген сияқты со­циалистік мұраттардың беті ашы­лып, басқа елдердің бәрі на­рықтық дамуға бет бұрғанда, бұл ел бұрынғы социалистік жолды ұстанып, билік құ­ры­лым­­дарын өзгертпей қала берген. Сырт­тан кіретін жаңалықтар мен өз­герістерге де есік-терезесін бе­кем жау­ып, алыс түгіл өзінің оңтүс­тік­тегі қандастарымен де қарым-қатынасын барынша шектеген. 

Ескі әдістен айырылғысы келмеген би­лік демократиялық өзгерістерді қа­лаған озық ойлы адамдарды да қу­ғынға ұшыратты. Соның кесірінен де­мократиялық құндылықтарды қор­ғаушы елдер мен халықаралық ұйым­дар тарапынан қысымшылықтар жа­са­ла бастады. Оның ең басында өзі­нің қандастары, демократиялық құ­ры­лыстың арқасында дамудың даңғыл жолына түскен Оңтүстік Корея тұр... 

Бас­қарушы партия мен оның басын­да отыр­ған билеуші топ ядролық қару жасауға және оны күннен-күн­ге жетілдіруге елдің барлық әлеу­етін жұмылдырып отыр. Осыған қарсы сыртқы күштердің араласуы­мен, халықаралық ұйымдардың те­геу­рі­німен жасалған экономикалық сан­кция­лар бұл елдің ресурстарын барынша азайтып, дамуын тежеуде. Халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы да алаңдатарлық жағдайда. Бі­рақ оған қарап жатқан КХДР би­лігі жоқ, соңғы бір айда екінші рет бал­лис­тикалық зымырандарын сы­нақтан өт­кізді. Бұл әлемдік қоғам­дас­тықтың ашу-ызасын туғызып, БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесі экономикалық санкция жасау жө­нінде кезекті қарарын қабылдады. 

Бұл – бұрынғы санкциялардың үс­тіне жаңа экономикалық қысым жа­сауды көздейтін шешім. Бүгінгі таңда КХДР-мен сауда-экономикалық байланысы ең жоғары мемлекет – Қытай Халық Республикасы. КХДР экспортының 90 пайызы осы елге тиесілі. Сол экспорттың 40 пайыздайы кок­стық көмірге жатады. Қытайдың құ­рыш қорыту кәсіпорындары осы шикізатты пайдаланатын. Бірақ үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері халықаралық санкцияларға қосылған Қытай КХДР көмірін алуын тоқтатты. Бұл − Пхеньян жыл сайынғы экс­портының 1 млрд долларынан айырыл­ды деген сөз. Алайда, бұл шара­лар да КХДР-ды тоқтата алған жоқ. Жо­ғарыда айтқанымыздай, ол соңғы бір айда баллистикалық зымырандарын екі рет сынақтан өткізді.

Енді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында КХДР-ға  қарсы санкцияларды күшейте түсу мәселесі қаралды. Оған БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып табылатын Қазақстан өкілі де қатысып, кезекті санкцияларды қолдайтынын мәлімдеді. «КХДР-дың зымырандық және ядролық бағ­дар­ламаларының қаупі барлық мүд­де­лі тараптарға өзара қолайлы ше­шім­дерді келіссөздер процесі арқылы табу жолын тез арада және белсенді жүр­гізуге мәжбүр етеді. Қазақстан дипло­матиясы қалыптасқан жағдайдың проблемасынан күшпен емес, тек   үнқатысу арқылы шығуға болады деп санайды» делінген Қазақстан өкілінің мәлімдемесінде. 

Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ ҚК-нің Пхеньянға қатысты кезекті, 2371 нөмірлі қарары бір­ауыз­дан мақұлданды. Бұл құжат Солтүстік Корея­ның барлық экспортына тыйым са­луды көздейді. Сөйтіп, енді КХДР көмірге қоса өзінің темірін, темір рудаларын, қорғасын мен қорғасын рудаларын, теңіз өнімдерін де сыртқа шы­ғара алмайтын болды. Сонымен қа­тар, шектеу тізіміне КХДР-дың бұ­рын­­ғы санкцияларының бұзылуына қа­тысы бар делінген жеке адамдар мен заңды тұлғалар да енгізілді. 

Бұрын қолданылып көрмеген мұн­дай санкциялар КХДР-дың ядролық бағ­дарламасының іске асуына қар­жы­лық жағынан қысым тудырып, тоқ­тау салар деген үміт бар. Өйткені, бұл шара Солтүстік Кореяның сырттан енетін табысын үштен бірге азайта­ды. Бүкіл халқының тағдырын та­разыға салып отырған мұндай тығырықтан тек бейбіт келіссөз арқылы ғана шығуға болады.   

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»