• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2011

Мәскеудегі кездесулер

351 рет
көрсетілді

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Ішкі істер минис­трі Қалмұханбет Қасымов жұмыс сапарымен Мәскеуге келіп, мұнда ресейлік әріптестері – Бас прокурор Юрий Чайкамен, Ішкі істер министрі Рашид Нурғалиевпен, сондай-ақ Жоғарғы сот төрағасы Вячеслав Лебедевпен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында халық­ара­­­лық және аймақтық қауіп­сіз­дікті ны­ғайтуға, трансұлттық қыл­мысқа бірлесіп тосқауыл қою жол­дарын іздеуге және күш-жігерді үйлестіруге, азамат­­тардың заңды құқықтары мен бостан­дықтарын қорғаудағы өзара мүдде­лі­лікке негізделген қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының одан әрі ынтымақтастығының өз­ек­ті ве­домствоаралық мәселелері жөнінде мазмұнды әңгімелесу жә­не пікір алмасу болды. Ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен экстремизмге қарсы кү­рес­ті ын­ты­мақтастықтың басым ба­ғыттары ретінде анықтай оты­рып, екі елдің құқық қор­ғау орган­да­ры­ның жетекшілері ту­ын­дайтын сұ­рақ­тарды жедел шешуге мүм­кін­дік беретін ынтымақтастықтың әр­түр­­­­лі формаларын дамытуды ұсынды. Атап айтқанда, ұжымдық күш-жі­герді қылмыстық жолмен табыл­ған қар­жыны жылыстату мәселесін шешуге, өзара құқықтық көмек көрсету мә­се­ле­лерінде тығыз қа­рым-қатынас жа­сау­ға жұмылдыру, сондай-ақ қазіргі уа­қытта соғұр­лым ықпалды халық­ар­а­лық-құ­қық­тық институттарға айналып келе жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйы­­­мы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйы­мы шеңберінде осы жұмыс­тар­дың белсенділігін арттыру ұсынылды. * * * Мәскеуде өтіп жатқан жұмыс сапарының барысында Қазақ­станның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ресей Федерациясы Тергеу коми­тетінің төрағасы Александр Бастрыкинмен кездесті. А.Дауылбаев әріптесіне жылы қа­был­дағаны және құқықтық мә­селелер­дің кең ауқымы бойынша пікір алма­су­ға мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдіріп, Бас про­куратураның негізгі қызмет бағыт­тары, құқық қорғау қыз­метіндегі про­куратураның рөлі туралы ай­тып берді. Тараптар жақын келешектегі жос­­пар­ларымен бөлісіп, қазіргі уа­қытта сапа­лық жағынан жаңа дең­гейге көте­ріліп отырған екіжақты ынтымақтас­тықтың болашағын тал­қылады. Әңгі­ме­лесуші­лер атап өткендей, аймақтық қауіпсіз­дік­ті қам­тамасыз ету жөніндегі қазіргі стра­­тегиялық міндеттерді жүзе­ге асыру контекстінде екі мем­ле­кет­тің құқық қорғау органдарының өзара үйлесімді әрекет етуінің қа­жеттілігі туралы мәселе өзекті жә­не сұранысқа ие болып отыр. Сон­дық­тан Қазақстан Республикасы Бас про­ку­ратурасы мен Ресей Фе­дерациясы Тергеу комитетінің ара­сын­дағы ынтымақтастық туралы ке­­лісімнің жобасын талқылау кез­де­су­дің басты тақырыбына айналды. Құжатқа сәйкес, террористік жә­не экстремистік бағыттағы қыл­мыс­тарды, экономика және жоғары технология саласындағы қылмыс­тарды, сондай-ақ қоғамға ерекше қауіп төндіретін басқа да қылмыс түрлерін тергеу тәжіри­бесі­мен бө­лісу өзара қарым-қатынастың ба­­сым бағыттары ретінде анық­тал­ған. Сонымен қатар, тараптар екі ел ма­мандарының біліктілігін арт­ты­руға кө­мектесетін, екі ведомство арасын­дағы кәсіби алмасуға мүм­кін­дік жасайтын бірлескен консуль­тациялар, ғылыми-зерттеулер, семинарлар, сарапшылар­дың кездесулерін, өзге де білім беру бағ­дар­ламаларын өткізуді көздеп отыр. Ынтымақтастық пен өзара тү­сі­ніс­тіктің қалыптасқан тәжірибесін, келісімді жүзеге асырудың қыл­мыс­пен кү­рес бойынша күш-жі­гер­ді жұмылдыру­дағы маңыздылығын ескере отырып, тараптар құжатқа тездетіп қол қоюға және жемісті кәсіби байланыстарды тереңдетуге мүдделіліктерін растады. «Егемен-ақпарат».