• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2017

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

508 рет
көрсетілді

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

 Жасырып-жауып қайтеміз, тіпті ауылда туып-өскен қыз-жігіттердің өздері қаладағы тіршілікке тез арада бейімделгендіктен бе, кім білсін, әйтеуір оқу-білім алған соң көбі елге барып еңбек етуге соншалықты құлықты емес. Басқа мамандарды айтпағанның өзінде, қазір ауылдағы малшы-механизаторлардың орташа жасы алпыстың үстінде, жетпіске жақын. Көбі зейнет жасында болса да, амал жоқ, қатардан қалмай жұмыс істеп жүр. Бұл қашанға дейін жалғасады дейсіз? Бір сөзбен айтқанда, олардың ізін басып, жұмысын жалғастыратын жастар қайда?  Осымен сабақтас тағы бір өзекті мәселе бар – жас мамандардың басым бөлігінің біліктілігі мен машығы тө­мен. Тиісті оқу орнын бітіргендігін рас­тай­­тын дипломы бар, бірақ ауыл ш­а­руа­­шылығы мен өндірістің қазанында қай­намағандықтан, оларды біраз уақыт тәр­биелеуге, тәжірибе жинақтауына тура келеді. Өйткені, олар бірден бел ше­ше кірісіп кететін дайын маман емес. Бас­қа амалы жоқ болғандықтан, еңбек ұжым­да­рының басшылары осындай мамандар­ды да жұмысқа қабылдауға мәжбүр. «Уақыт өте келе төселетін шығар», «Өмірдің өзі үйретеді ғой» деп өздерін жұбатып жататынын талай мәрте естідік. Жасыратыны жоқ, аудан-қалаларда ұдайы өткізілетін еңбек жәрмеңкелерінде жұмысшы мамандарына сұраныс өте жоғары. Керек десеңіз, жалақысы жоғары, барлық жағдайы жасалатын жұмыс орындары да аз емес. Бірақ, соған лайық мамандар табылмай жатады. Бұл ауылға да, қалаға да тән.. Біраз жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдай бұл. Сонда мұны шешудің жолы қандай? Бұрын ауылда да, қалада да кәсіптік-техникалық училищелер көп еді. Қазір жоқ. Оның орнына техникалық мектептер ашылды. Қаржыландырудың және қажеттіліктің жоқтығына байланысты жабылып қалғандары да аз емес. Бұл – нарықтың қатал талабы. Ал техникалық мектептердің ішінде жоғары колледж болып жатқандары да бар. Бәрі емес, әрине. Өйткені, кез келген орта арнау- лы оқу орны қазір мұндай жоғары деңгейге ие бола алмайды. Талап пен жауапкершілік өте жоғары. Осыған сайма-сай келетін оқу орындары сирек. Бұл дұрыс қадам. Саны бар, сапасы жоқ, қажетсіз кадр­ларды топырлатып жатқан сансыз оқу орындарының қатарын азайтып, сұранысқа ие білікті мамандар даярлайтын жоғары колледждер көбейсе құба-құп, әрине. Бірақ, ондай білім мекемелері Қазақстанда әзірге көп емес, санаулы. Оңтүстік Қазақстан жоғары жаңа технологиялар колледжі осындай дәрежеге ие болған оқу орындарының алғашқысы. Бұл оқу ордасын тілге тиек етіп отырған себебіміз, бүгінгі тақырыбымызға тамы­зық болып отырған мәселе − білікті ма­ман­дар даярлау жөніндегі осындай кол­ледждердің тәжірибесі республика аумағында кеңірек таратылса деген ой. ­Жоғары колледждің ең басты ерек­шелігі – үш деңгейлі білім беру. Оның бірін­ші деңгейінде оқуға қабылданған жас­тар жұмысшы мамандықтарына төселеді. Ал екінші деңгей бойынша колледж бағдарламасы, үшінші дең­гей кезінде жоғары оқу орындарының бағдарламасы шеңберінде оқытылады. Интеграциялық білім беру дегеніміз міне, осы. Мұның тиімділігі өте жоғары екеніне көз жетіп отыр. Өйткені осы арқылы сапалы мамандарға қол жете бастады. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс және құрылыс орындарында қажетті мамандар жеткілікті. Жастар колледжде оқып жүріп-ақ болашақ жұмыс орындарының қыр-сырына қаныға бастайды. Бұл ретте модульдік технология әдісі бойынша білім алудың да пайдасы зор. Түсінікті тілмен айтқанда, студенттер дәрістің 65 пайызын әлеуметтік серіктестердің өндірістік базасында алады. Олар жоғары колледж қабырғасында білім ала жүріп уақытының көп бөлігін өндіріс орындарында немесе құрылыс алаңында өткізеді деген сөз. Оңтүстік Қазақстан жоғары жаңа технологиялар колледжінің сенімді серіктесі – «ОтауСтрой» компаниясы оңтүстік өңірде ғана емес, Қазақстанға белгілі. Өндірістік базасы өте жақсы. Тек құрылыспен ғана айналыспайды, сонымен бірге осы салаға қажетті газ-блок пен плитаның, құбырдың түр-түрін шығаратын өндіріс орындары да жет­кілікті. Осының бәрін студенттердің көз­бен көріп, қолмен ұстап, оқу-тәжірибе ба­ры­сында кеңірек қанығуына мүмкіндік бер­ген­діктен, олардың қызығушылығы мен ынта-жігері өте жоғары. Ең бастысы, колл­еджді бітірген түлектер үшін жұмыс орны дайын. Білімді де білікті мамандарға қол жеткізу үшін осындай тәжірибелерге де тиісті орындардың жеткілікті мән бергені жөн болар еді.