• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Тамыз, 2017

Астанада жалған төлқұжатпен Ұлыбританияға өтпек болған сириялықтар ұсталды

221 рет
көрсетілді

Жалған төлқұжатпен Ұлыбританияға өтпек болған сириялық екі азамат Астана-Лондон әуерейсі кезінде ұсталды.

«Астана» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы тексеруге Болгария азаматы төлқұжатын ұсынған Сирияның екі азаматын анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлайды.

«Құжаттар қолдан жасалған. Ұсталғандардың айтуынша, олар Ұлыбританияға өтпекші болған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде. Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары мен өзара бірге жұмыс істейтін органдар өкілдері хабардар етілді.