• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Тамыз, 2017

ОҚО-да «Ұлы достық» апталығы ұйымдастырылды

680 рет
көрсетілді

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бауырлас Өзбек­станға құрамында Түркістан, Сайрам, Шымкент қалаларының өкілдері бар «Ұлы достық» апталығы сапары ұйымдастырылды. Астана қаласында Қазақ­стан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына арналып өт­кізіл­ген сессияның шешімдерінен туындаған міндеттерге сай, облыстық Ас­сам­блеяның шапшаң әрі аса ыждағатты бағдарламасы баршаға өнеге, үлгі болғаны ақиқат.

Биылғы жазда Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғима­ра­тынан бастау алған мәдени керуен сапа­рының бір қанатында ағайын, достар­мен қауышу, олардың тіршілігімен таны­су болса, екінші қанатында көрші рес­публиканың тарихында бүгінгі тәуел­сіздікке сонау орта ғасырларда қаһар­ман­дықпен қызмет жасаған хандар мен би­лер­дің, батырлардың зираттарына зиярат жасау болды. 

Бағдарламаға сай Ташкенттегі «Қарлы­ғаш би» атанған Төле бидің, «Нұратадағы» Әйтеке бидің, әулие атанған басқа да ұлы тұлғалардың аруақтарына арналып бірнеше жерде ас ұйымдастырылып, Құран бағышталды. Ташкент, Самарқанд, Бұхара облыстарындағы атаулардың (жер, су аттары) бұрынғы қалпынан өзгермей тұ­руы өзбек, қазақ халықтарының ежел­ден туысқан, бауыр екендігін паш еткендей.

Өзбекстанның ең сұлу өлкелерін аралап, тамашалаған меймандар бауыр­лас­тарының зор ықыласы мен құрметіне риза болды.

Сапар дәулетіне азаматтығы сай шым­кенттік кәсіпкер Бәдіритдин Нышан­құловтың (осы сапардың бас демеушісі) бас­тауымен шебер ұйымдастырылып, рухани-мәдени демеушілік жасаған бас­қа да­ азаматтарға жұрт дән риза бол­ды. Әсі­ресе, шымкенттік Хамрақұл Дав­­ран­­беков, сайрамдық Тұрсынқожа Хан­қо­­жаев, түркістандық ақын Зейнолла Еркебалаев, Бабажан Якубов көңілді ән, би, өлең, көркемсөз оқу өнерлерімен көп­ші­­лікке шаттық, қуаныш сыйлады. Бұл азамат­тарға қарсы алушылар мен са­пар­ды ұйым­дас­тырушылар тарапынан марапат жасалды. Өзбекстан қалаларындағы достық ше­руінде көпшілікпен бірге болып, таныстық, танымдық қызмет жасаған Ташкенттегі Қазақ мәдени орталығы басқарма бастығының орынбасары Хамза Хамрақұлов, Ташкент облыстық әкімдігінің жауапты қызметкері Бақытжан Полатов көптің көңілінен шықты.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

Қазақстанның мәдениет қайраткері

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар