• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Халықаралық қауіпсіздік жайы қозғалды

414 рет
көрсетілді

НАТО Парламенттік Ассамблея­сының жақында Бухаресте (Ру­мы­ния) аяқталған жыл сайынғы 57- сес­­сиясында халықаралық қауіп­сіздік мәселелері сөз болды, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касының Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Кибер қылмыстармен, био­логиялық және химиялық қатер­лермен, ресурстар зәрулігімен кү­рес тақырыбы бойынша пі­кір­­са­йыстарға Қазақстан Парла­менті­нің депутаттары Рашит Ах­метов пен Сәт Тоқпақбаев қатысты. Төрт арнайы комитеттің оты­рыс­тарында НАТО бағдар­лама­ларын іске асыру, әскери-тех­никалық қамтамасыз ету және Альянстың бюджет стратегиясы мәселелеріне назар аударылды. Ау­ғанстандағы өтпелі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі НАТО-ның рөліне де ерекше көңіл бөлінді.