• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Күрес 22 Тамыз, 2017

Универсиада-2017: Дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола медальға ие болды

539 рет
көрсетілді

Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Тайпейде өтіп жатқан жазғы универсиада ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дзюдодан 73 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Бекәділ Шаймерденов алғашқы айналымда бельгиялық Денис Габриел Каралогноудлдан басым түссе, іріктеу кезеңінің екінші айналымында Словения спортшысы Жан Кернді иппонмен жеңді. Жартылай финалдық жолдама үшін белдесуде әзірбайжандық Тельман Валиевке есе жіберген дзюдошымыз жұбаныш белдесуіне жолдама алып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Жұбаныш белдесуіндегі екі қарсыласын да вазаримен ұтқан Бекәділ қола үшін күресте алжирлік Реда Боугуероуаны жеңіп, Жазғы Универсиада ойындарында дзюдодан алғашқы медалді ел қоржынына салды.

Естеріңізге сала кетейік, 19-30 тамыз аралығында Тайпейде жазғы Универсиада ойындары өтуде. Қазақстан қоржынында әзірге екі алтын, үш қола медаль бар.