• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2017

Игорь Шувалов: «ЕАЭО-да біз Қазақстанның көшбасшылығын мойындаймыз»

224 рет
көрсетілді

Астанада «Еуразия апталығы» халықаралық форумы басталды. Үш күнге ұласатын шараны Еуразиялық экономикалық одақ елдері ұйымдастыруда.

«Еуразия апталығы» форумы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жыл сайынғы саммиті. Форумның мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық, инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру. Биылғы форумға ЕАЭО және ТМД мемлекеттерінен бөлек, Оңтүстік-Шығыс Азия және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің өкілдері қатысуға қызығушылық танытқан. Осылайша, шараға әлемнің 42 елінен мемлекеттік билік органдарының, іскерлік топтар мен бизнес қауымдастықтар өкілдері жиналды. Жалпы,  шараға екі мыңнан астам адам тіркелген.

Игорь ШУВАЛОВ, Ресей Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары:

– ЕАЭО-да біз Қазақстанның көшбасшылығын мойындаймыз. Себебі Қазақстан Президенті бұл идеяның негізін қалаушы болып табылады. 90-шы жылдары ол еуразиялық кеңістік идеясын көтерді. Цифрлы экономиканы құру және басқа да маңызды мәселелер бойынша, оның ішінде ЕАЭО-ның дамуы тұрғысында біз Қазақстанның көшбасшылығын көргіміз келеді. Одақ бойынша өзге де әріптестеріміз бізді қолдайды деп үміттенемін, себебі Қазақстанда бұл көшбасшылыққа барлық қажетті жағдайлар мен Президенттің сенімділігі бар. Осы жағдайда еуразиялық кеңістіктің бұл құндылығының көшбасшысы ретінде барлығымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты үлгі тұтамыз. Сондықтан алға қарай ілгерілеу бастамасы Қазақстанда қалыптасады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар