Бүгін Гамбургте 2017 жылғы әлем чемпионатының алдын ала раундының алғашқы айқастары өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Күндізгі сессияда Қайрат Ералиев (56 кг) мексикалық Кристофер Флорезбен, ал Әбілхан Аманқұл (75 кг) австралиялық Кэмпбелл Сомервиллмен күш сынасатын болады.
Кешкісін Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) Шри-Ланка спортшысы Душан Сапарамадқа қарсы шығады.