• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2017

Ескерткіш тақта қойылды

686 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы «Көк­тем-3» шағын ауданында көрнекті ақын Кеңшілік Мыр­забеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. 

Түрлі себептермен орындалмай келе жатқан игілікті іс­тің жүзеге асуын қала әкі­­мі Бауыржан Байбек қа­да­ғалапты. Тақтаның ашы­лу құрметіне орай ұйымдас­тырылған жиынды қалалық тіл басқармасының басшысы Мамай Ахет басқарды. Жиын­да ақынның жары Зинура, ұлы, белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, достары Нұрлан Оразалин, Темірхан Медетбек, Иран-Ғайып, Серік Тұрғынбекұлы, қаламдас аға-інілері Қуа­нышбай Құрманғали, Аман­хан Әлімұлы, Ғалым Жай­лыбай және тағы басқа да ақын-жазушылар сөз сөйледі. Ақынның мінезі, болмысы, өлеңі туралы айтылды. Ақын-досы Серік Тұрғынбекұлы Кеңшілікке арнаған өлеңінде: «28 жылдан кейін үйіңе қайтып оралдың ұя салып» деді. 

Өлімнің бәрі бірдей ме? Жо-жо-жоқ, оған  қарсы­мын. Мен өлсем ертең гүлдейді, Тамырым менен  талшы­ғым. Ұя салған ақын – тірі. Сөзі – тірі. Ендеше, жырсүйер қауым барда ақынның жыры, сөзі ел жадынан өшпек емес, елімен бірге жасай бермекші. 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ