Астанада 4 қыркүйекте ұлттық ойынымыз әрі мәдени мұрамыз – Тоғызқұмалақтан ІV Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.
Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Аcтана қаласының әкімдігі.
3-8 қыркүйек аралығында өтетін Чемпионатқа әлемнің 25 елінен (АҚШ, Австрия, Ауғанстан, Антигуа және Барбуда, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Үндістан, Камерун, Колумбия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Украина, Чехия, Швейцария) 70-тен астам спортшы қатысады. Чемпионаттың ашылу салтанатына Әлихан Байменов, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті, Ельсияр Қанағатов, Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және денешынықтыру ісі комиетінің төрағасы қатысады.