• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2010

Халықаралық Абай клубына – 10

1675 рет
көрсетілді

КІТАП – ЕҢ САБЫРЛЫ ҰСТАЗ “АМАNАТ” журналының 200 томдық кітапханасы – әлем халық­тары әдебиетінің, өнерінің, тарихының, философиясының ал­ғашқы томдары дүниеге келуі тілге тиек етер, шын қуанар, үміт артар үлкен әлеуметтік құбылыс. Кітапты ардақтайық, аялайық ағайын. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – б е й б і т ш і л і к т і, екіншісі – р у­ х а­ н и я т т ы, үшіншісі – т а б и ғ а т- т ы қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай-қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы. Бола ма, жоқ па деген Адамзат тіршілігіне бағытталған Гамлет күмәні: егер біз оған мән беріп, құлақ аспасақ, адамзат алдында мәңгі шешілмес сұрақ болып қалатыны сөзсіз. Техникалық даму әлемде құлашын кеңге жайды, осыған қарай адам да табиғатты құл қылуға барын салуда. Ұлы бабаларымыз қолдан соққан әлемдік мәдениет пен ойдың көзсіз мұхитын меңгеруде біздер олқы түсіп жатырмыз. Өкінішке қарай, әлем халықтары бастарына төнген қатерді аңғаруда мешеулік танытуда. Интеллектуалдық және идеологиялық көзсіздік қоғамда болып жатқан ақиқаттан алыстатып, адамды апат жолына – моральдық, адамгершілік, рухани дағдарысқа белшесінен батырды. Үшінші мыңжылдық біздің ортақ үйіміз – Жер–бесігімізде төтенше өзгертулер енгізуді талап етеді. Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдардан арылуымызда, адам­гершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен қатыгездіктің, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді. Отанымыздың болашағы – жастарға аманат қылып – Кітап қал­дырамыз. Мен Абай клубының адамгершілік әрекетін қолдаймын. Қазақ­тың көрнекті жазушысы Роллан Сейсенбаевтың “АМАNАТ” журналы мен 200 томдық кітапхана шығарудағы ұлағатты бастамасына шын жүрегіммен қуанатынымды білдіргім ке­леді. Отанымыздың рухы мен мәдениеті үшін барын салған жазу­шыны Қазақстанның ұлтжанды, нағыз патриоттары қол­дайтынына сенімім зор. “АМАNАТ” журналының 200 томдық кітапханасы – әлем халық­тары әдебиетінің, өнерінің, тарихының, философиясының ал­ғашқы томдары дүниеге келуі тілге тиек етер, шын қуанар, үміт артар үлкен әлеуметтік құбылыс. Кітапты ардақтайық, аялайық ағайын. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. САНА МЕН САПА немесе “КІТАПТЫ АРДАҚТАЙЫҚ, АЯЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!” Президенттік мәдениет орталы­ғында Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі 2009 жылы шығарылған кітаптардың көрмесін өткізді. Айтулы қазақ баспалары шығарған әдемі өнімдер көздің жауын алды. Олардың қатарында әйгілі “Аманат” журналы кітап­хана­сының кітаптары ішкі бай маз­мұны­мен, дизайн өрнегінің әдемі­лігімен қазақ халқының болаша­ғы­на деген мол махаббатымен ерек­шеленді десек, артық айтқандық болмас. Халықаралық Абай клубының өнімдері несімен құнды? Бұл кітап­тар­дың Қазақстанда ғана емес, Ресей, Англия, Пәкстан, Иран, Америка елдерінде де сатылуының сыры неде? Оны бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені, Абай клубы ұстанған бекім кітапты шығару һәм сату саясаты өзінің өркениетті, руха­ни, интеллектуал­дық көрегендігінде. Біз Абай клубының 2009 жылы ғана шығарған бес кітабына тоқтал­мақ­пыз. Ең әуелі ұлы ақынымыздың қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде шыққан “Қарасөзін” тамашаладық. Ерекше айтар жәйт, кітап мұқа­басы мүлде бөлек. Батыс ой­лап тап­қан интегралды стиль. Эко­­ло­гия­лық таза тауар. Қазақ кітап индустриясын­дағы тұңғыш тың жоба. “Қарасөзді” орыс тіліне аудар­ған белгілі аудармашы Клара Серік­баева. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың, Алаш ардагерлерінің озық шығармаларын Мәскеудің айтулы “Художественная литера­тура”, “Молодая гвардия”, “Со­вет­ский писатель” баспаларында көп тиражбен орыс тілінде шығар­ғанына куәгерміз. Сонымен бірге Клара ханым, қазақ тіліне Лондон мешітінің сұрауымен араб тілінен Құранды, парсы тілінен Омар Хаям­ды, араб тілінен Әбу Ханифа­ны, ағылшын тілінен Джебран­ның философиялық трактаттарын, эссе-ойларын, “Ислам философия­сын”, түрік тілінен Қожа Насыр­ хикая­ларын тәржімелеген. Абайдың өлеңдерін орыс тіліне аударған – өмірден ерте озған орыс­тың ұлы ақыны, мәскеулік Юрий Кузнецов. Ал ұлы бабамыздың қара­сөзін, өлең­дерін ағылшын тілін­де сөйлеткен – лондондық үздік ақын, түрколог Ричард Мак­кейн. Ағыл­шын тілін екінші тілі санайтын көп қазақ жастары оның Марина Цветае­ваны, Анна Ахматова­ны, Александр Блок­ты, Борис Пастер­нак­ты ағылшынша сөйлеткенінен хабардар болар деп ойлаймыз. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. Абай туған халқын жанындай сүйді, сонан да оның ойлы сөздері көңілдің төрінде. Туған халқының бөлін­бес бөлшегі болған Абай адам­зат алдындағы парызына дақ түсірмей, ақиқатқа жан-тәнімен қызмет етіп өтті. Махаббат өліммен қатар қонады, өйткені жанкешті­лік­ке бас тікпеген махаббат – махаб­бат емес. Бостандыққа тек басты бәйгеге тігумен ғана жетуге бола­ды. Абай өлеңдерінен біз адам­гер­шілік тәлім аламыз, өйткені ақын өмірі аңызға айналып кеткелі қашан! Қазақтың ерен ақынының өлең­дерін озық ойлы, терең білімді, талант­ты адамдардың аударғанына қуандық. Халықаралық Абай клубы әлемнің атақты аудармашыларын қастарына жақсы-ақ топтастырғанына таң қалдық. Клара ханымның бір өзі ғана араб, парсы, түрік, ағылшын, неміс, француз, испан тілдерінен қазақ және орыс тілдеріне тура аудара береді. Ол кісінің Лондондағы әлем аудар­­ма­шы­лары ассоциациясының белді мүшесі болғанына жиырма жыл толыпты. Апамыз үлкен еңбек адамы екен. Кеуде керуі жоқ, айғайы жоқ, мақ­таны жоқ, осындай қара­пайым, ойлы қазақ әйелін қалай құрметтемеске! Роллан Сейсенбаев пен Клара Серікбаева әлемнің озық жазушы­лары мен аудармашыларын қастарына тартып, дос-жолдас қылмаса, әлем халықтары әдебиетінің журналы “Аманат” дүниеге келмес еді. Бұл басылым туралы Нобель сыйлығы­ның лауреаты Кэндзабуро ОЭ: “Жур­нал қазақ халқының адал, көріпкел елшісі”, десе, тағы бір Нобель сыйлығының лауреаты венгр Имре Кертес: “Аманат” қазақ әдебиетінің паспорты, әлем өнері­нің бренді”, деуінде жан бар. Аты әлемге аңыз болған Фидель Кастро өзінің шығар­маларының орыс тіліндегі тәржімесін тек қана “Аманат” журналына сеніп тапсыруында қазақ­тың аманатына деген берік сенім жатыр. “Аманат” журналының 200 том­дық кітапханасының аясында “Ақын­дар аллеясы” атты ұлы ақын­дары­мыз­дың көркем безендірілген қалың-қалың томдарын қолыңызға алғанда рухыңыз тулайды, намысы­ңыз ояна­ды. “Ақын­дар аллеясының” алғаш­қы томдарына кірген ақын­дарымыз: Махамбет, Ясауи, Сүйін­бай, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтан­махмұт. Биылғы жылы Мағжан, Қасым, Дала ақындары (VІ-ХХІ ғасыр) жарық көрмек. Осы кітаптарды қолына ұстап көрген Польшаның Қазақстандағы елшісі Владыслав Соколовский: “Ұлы ақындарын құрметтеуді, сый­лау­ды, оларға тағзым етуді Еуропа мен Америка құрлығы қазақтың халық­аралық Абай клубынан үйренуі керек”, – деп жүрекжарды сөзін айтуы қазақы көңілімізді өсірмей ме?! Биыл сол халықаралық Абай клубы­на, оның “Аманат” журналына 10 жыл толады. Кездейсоқ естіп таң қалдық. Бұл қазақтың әйгілі жазу­шысы Роллан Сейсенбаев ағамыздың жан­кеш­тілігінің арқасы екені даусыз. “Жақ­сылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айғайлайды”, деп ән айтатын белгілі күйші Секен Тұрысбековтің ойлы үнінде ащы күйік жатыр-ау деп ойлайсың. Абай клубының 10 жылдық мерекесі Қазақстанның мәдени, оқу-ағарту орындарында өткізілсе қандай жақсы болар еді. Жақында мен Аста­на­да атақты итальяндық жур­налист Мериельмен кездескен едім. Сонда ол кісі Қазақстанды бір ай ара­ла­ғанын, Семей полигонында да болғанын айтты. “Қазақ халқының әнін, күйін тыңдадым. Жай жүргінші құсап автобуспен даланы кездім. Керемет! Ертең Миланға қайтамын. Бір өкінішім бар, ол қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевты таба алмадым”. “Ол кісімен кездесіп пе едіңіз?” деп сұрадым. “Бетпе-бет кездескен емес­пін. Ағылшын тіліндегі “Дүние тас-талқан болған күн” повесін оқығам. Анамыз екеуміз бір кеш жылап ал­ған­быз. Семей полигонына барғаным содан ғой. Қазір Италия­ның атақты екі баспасы оның “Жан­талас немесе өлік кезген құм белдер” романын үлкен тиражбен шығармақ. Баспагер­лердің аңдатпасына қарағанда бұл ХХ ғасырдағы үздік романдардың біріне саналады екен. Итальян тілінде шыққан соң, оқимын”, – деді. “Римде, – деп сөзін жалғады ол содан кейін, – Италияның атақты фило­софы, дін жетекшісі, Луи Джусса­ниға арналған симпозиумда Роллан Сейсенбаевтың сөзін тыңда­дым. Бүкіл әлемнен жиналған 10 мың интеллектуал – өнер, әде­биет, философия, дін адамдарының ал­дын­­да ол 10 минут сөйледі. Регла­мент сондай болатын. Қазақ жазушы­сы Еуропа жұртына Еуропаның рухы, жаны, мәдениеті, өнері һәм қазақ мәдениетінің, әдебиетінің әлемде алатын орны туралы көсіліп айтты. Еуропаның жүрегінде сөйлеп тұрып, Еуропаның зиялы қауымына адам­дық, ғаламдық ой ауқымын көрсетті. Еуропаның рухани құл­дырауының себептерін де ашық айтты. Зиялы қауым қол соқты. Ешнәрсеге таң қалмайтын әлемнің оқыған жастары орындарынан тұрып, құрмет көрсетті. Таң қалдым. Өкініш­ке қарай ол жолы да, Роллан Сей­сен­баевты ұстай алмадым. Біз бас редактордан арнайы рұқсат алмай өзіміз өзімізге иелік жасай алмаймыз. Ертеде журналист белсенділігі болған дейді. Қазір бәрін ақылдасып шешеді. Мен бас редактордан интервью үшін рұқсат алғанда, Роллан Сейсенбаев автобус­пен Еуропаны аралап кетіпті. Қазақ­станды автобуспен аралап шығу ойы маған сонда келген. Сіз маған шындығыңызды айтыңызшы, сондай ірі тұлғаның қайда екенін, ең болмаса телефонын қазақтар неге білмейді?”. Мен үн қата алмадым. Мұндай сұрақ мені ешқашан мазаламапты. Бүгінгі кітап мерекесінде көр­се­тіл­­ген тағы бір кітап Роллан Сейсен­баевтың “Жалғыз ғана түн” әңгіме­лер жинағы. Орыс тілінде. Қазақ әдебиетіне Роллан ағамыз жас жазушы болып емес, бірден  жазушы болып келген. Бұл сирек құбылыс. Ол алғашқы әңгіме­лері­мен-ақ оқырман қауымды ой толғағымен, кеңістік кеңдігімен, талант тегеуріні­мен таң қалдырған. Әлі де таң қалдырып келеді. Өнерде де, өмірде де саяқ жүре­тін, әдеби ой айдынына ешкімді жа­қын­датпай, туған даласында жалғыз қасқырдай жортатын ағамыздың талант қуаты серпінді, ой ауқымы кең. Осы кітапқа берілген атақты Мәс­кеу журналы “Дружба народов” басы­лымының аңдатпасына көз са­лайық. “Глубина и ширь натуры Рол­лана Сейсенбаева средни океану. Многим не понятны мысли и поступ­ки Роллана, но ведь океан не обязан ни перед кем отчитываться. Обсу­ждать поведение океана имеет право только тот, кто равен ему по величию и мощи, кто живет такой же жизнью”. Қазақ қимас әділ сөз екен. Роллан Сейсенбаевты кітап көрмесінен көрмедік. Еңбектері бар, өзі жоқ. Атүсті бір кездескенімізде Роллан ағамыз: “Халықаралық Абай клубының өмірге келуіне бата берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, “Аманат” жур­налы­ның 200 томдық кітапханасына алғысөз жазған да Президент Нұр­сұлтан Назарбаев. Сен ол кісінің сөзін оқыдың ба?”. “Әлі оқығам жоқ”, дедім. “Онда оқы, бауырым! Екі-ақ бет сөзде кемеңгер, Отанын шексіз сүйген, кітапты ардақтаған адамның асыл ой-пікірі жатыр. Әр елдің Президенті ондай көкжиегі биік салмақты ой айта алмайды. Біздің қазаққа кісі жаққан ба?!  Абай бабамыз айтпақшы, қазақтың өзінен, сөзі ұзын. Бізді біртұтас ел қылмай, іштен ірітетін жиренішті мінез осы. Мен саған Президенттің сол алғы­сөзіндегі кітап туралы бірнеше ірі-ірі ойын айтайын”. “Айтыңыз, – дедім, – есте жүрсін, Роллан аға”. “Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Адамзат кітапқа өзінің қасиет­ті сезімі мен жан жылуын сеніп тап­сырған. Кітап біздің алға жылжуы­мыз­да, катаклизмдардан арылуымыз­да, адамгершіліктің биік шыңына кө­терілуде өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен қаты­­­гез­діктің, ақиқат пен жал­ған­ның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді”. Осы сөздер Қазақ елінің балабақ­шаларының, мектептерінің, универ­ситеттерінің, кітапханалары­ның, әдеби, саяси, рухани кешен­дерінің, қабырғаларында, облыстар­дағы “Нұр Отан” партиясы үйлері­нің маңдай­ша­­ларында  жазулы тұруы керек. Бірақ, жазылмайды? Неге?.. Премьер-Министр Кәрім Мәсі­мов ыждағатпен көрмені аралап өтті. Мен далаға шықтым. Астананың мұздай ауасы алқынған асау жүрек­тегі қызу қанды баса алмады. Семейге түнде жүретін автобусты тосып тұрып, Мәдениет және ақ­парат министрі, әйгілі қоғам қайрат­кері, Алаш қозғалысы туралы терең кітаптар жазған Мұхтар Құл-Мұхам­медтің айтқан бір сөзі есіме түсті. “Аманат” журналының кітап­хана­сынан шыққан Шәкәрім қажының үш томдық шығармалар жинағын саралай кезіп, қолыма қарындаш алып оқып шықтым. Бір кінә таппадым. Ой орнында. Талғам биік. Рух тірі. Намыс оты лаулап тұр. Бабасын қадірлеген хас шебер қолынан шыққан көркем кітаптар. Роллан Сейсенбаев тудырар кітаптар осылай күмбірлей сөйлеп тұру керек қой” – деп еді. Көкейде жақсыларда жаттық жоқ екен-ау деген ой тулап берген. Сол үшін қуандым. Қараңғы айсыз түн. Далада қалың ақ қар. Аяз. Мен автобустың артына оңаша отырып алып, диктофонға осы мақа­ланың жоғарыдағы сөйлем жолдарын айта жөнелдім. Бұлай жұмыс істеу тәсілін ертеректе, осыдан 15 жыл бұрын Роллан Сейсенбаев ағамнан үйренген едім. Аман бол, Астанам! Енді сенің рухың, ұлылардың ұлағат­ты ой-тілектері мен арман-мүдделерінің тай қазанында асып-төгіліп қайнайтын болды. Сонда сенің рухың мен намысың ерекше асқақтайтын болады, асыл Астанам! Сол күнді жақындатуға жан салайық, Қазақ елі! Қайрат САБЫРБАЕВ, Семей. ЖАНТАЛАСҚАН ЖЕТІ ЖЫЛ Әлемнің ұлы ақын-жазушыларының шығармаларымен мектеп қабырғасында, сонау Абай мен Шәкәрім бабаларымның кіндік қаны тамған Шыңғыстау жерінде танысқан едім. Сол жылдары оқып, көңілге түйген, жүректен өткізген классикалық шығармаларды кейін, студент кезімде, жазушылық өмірімде қайталап оқыдым; сол білгендеріме қоса жаңа тегеурінді, талантты буын өкілдерінің өлең-жырларымен, прозалық шығармаларымен таныстым. Әрине, бүгін әлемде шоқтығы биік ұлы тұлғалардың көбімен жете таныс, сырлас достық қарым-қатынастамын десем артық айтқандық болмас. Сол ұлы тұлғалардың ішінде есімнен еш кетпейтін ұлы ақындардың бірі – Шандор Петефи. Венгрдің әйгілі ақынының Отан, Ел туралы толғаныстары, еш ақынның шығармасына ұқсамайды, бөлек тебіреністі ой, бөлек пайымдау, бөлек сыр ашу. Көне түрік ұрпағы, көне қыпшақ мадияр азаматы “Менің пірім — азынаған қара айғыр” деп сілкінгенде, XXІ ғасырдағы біздің көз алдымызға дүниені дүрліктірген ғұндардың арғымақтары сонау Батыс Сібірден Еділ мен Донды тіліп өтіп бара жатқандай елестейді. Сағым ішінде қалың атты әскер асығып-аптықпай сән-салтанатымен қозғалып бара жатады. Неткен көрініс!..Неткен ғажап сурет!.. Жансыз сурет емес, тірі әлем. Көне түріктер көне Даланы жапырып келе жатыр. Еуропаның көркем өңірінде дүниеге келген Шандор Петефи сиқыр даланың құдіретті тіршілігін мейлінше екпінді, қуатты жырмен өрнектейді. Қанға сіңген, сүйекке біткен, текке таралған қасиет осы болар! Бір ғасыр өткен соң, қала жігіті, қазақтың ұлы ақыны Олжас Сүлейменов те Арғымақты келістіріп суреттеген еді. Екі халықтың жыр сабақтастығы Дала елінің ортақ тірлігін, салт-дәстүрін сол Даланың қадір-қасиетін, ұлы бабаларымыздың рухани бірлігін айқындайды. Отан туралы жазылған өлең көп. Солай болуы заңды да. Бірақ, Елін, Отанын дәл Шандор Петефише бар даусымен, жан-жүрегімен, таусылмас мейірлі тілегімен жырлаған ақын аз. Махаббат және Бостандық, Білмеймін бұдан басқаңды. Махаббат қонса қолыма, Өмірімді беріп аламын. Еркіндік үшін оны да Құрбандыққа шаламын. Орыстың әйгілі ақыны һәм аудармашысы марқұм Михаил Курганцевпен етене жақын танысып, сыйлас, сырлас болуымызға да Шандор Петефи септігін тигізген болатын. Тыңдаңызшы, рухы биік, арыстан жүрек Петефидің Отан деп соққан жүрегін: Қашанғы біз қуыршақ боп қаламыз?! Жетеді енді! Сарбаз болсын баламыз! Сыбызғылар қоя тұрсын сызылмай, Керней үнін күтіп жатыр даламыз. Кез келген жау алды бізді басынып. Отан, оян! Шық қаруды асынып! Тұтандыру үшін сені керек пе? Жаратқанның жарқ-жұрқ еткен жасыны?! Шандор Петефи – венгр халқының ұлы перзенті. Ұлы ақыны. Жаужүрек сарбазы. Қара айғырын көкке секіртіп, қалың жауға алмас қылышын жарқыратып жалғыз шапқан жауынгер. Моласыз қалған ақын да Шандор Петефи. Әлем әдебиетінің саусақпен санарлық ұлыларының санатына енген жалғыз венгр де – Шандор Петефи. Бүгінгі ұлтжанды қазақтар XІX ғасырдағы Даланың ұлы ақыны Шандор Петефидің жырларымен сусындаса, қалғып кеткен намыс, таптаурын болған рухымыз тағы бір сілкінер ме еді деген үмітке бой артамыз. Венгр әдебиетіне Шандор Петефи жеті жыл ғана қызмет етті. Қалған өмірі Отанының намысын қорғау үшін қанды майдан өтінде өтті. Астында арқыраған қара айғыр, қолында қанға малынған алмас қылыш... Халқының маңдайына жарық жұлдыздай жарқырап біткен ұлы ақын не бары 26 жасында жасын ұрған теректей қиылып түсті. Өкінішті. Жазылмай қалған жыр қанша?! Айтылмай кеткен ой қанша?! Түгесілмейтін асыл арман қанша еді?!. Қазақтың үлкен ақыны Қадыр Мырза Әлі ағамыз Шандор Петефиді қазақша сөйлетті. Өз жырына да, өзгенің жырына да зор талаппен қарайтын Қадыкең баға жетпес жұмыс тындырды. Осы керемет еңбегі үшін қалың қазақ ақын ағамызга шексіз қарыздар ғой деп ойлаймын. Ұлы Шандор Петефидің жырларын “Аманат” журналының 200 томдық әлем әдебиеті кітапханасына енгізу көптен ойда жүрген еді. Бүгін сол ойды жүзеге асырудың сәті түскендей. Ұлы Даланың ұлы перзенті, бабалар мекенінің төрінен орын ал! Төрлет! Өйткені Ел де сенікі, төр де сенікі! Роллан СЕЙСЕНБАЕВ. ЖЕТЕДІ ЕНДІ! Қашанғы біз қуыршақ боп қаламыз!? Жетеді енді! Сарбаз болсын баламыз! Сыбызғылар қоя тұрсын сызылмай, Керней үнін күтіп жатырдаламыз. Кезкелген жау алды бізді басынып. Отан, оян! Шық қарудыасынып! Тұтандыру үшін сені керек пе Жаратқанның жарқ-жұрқ еткен жасыны?! Шығасың ба? Шықпайсың ба майданға? Қол жинасаң, құйыламыз қайдан да! Қумайсың ба қазыларды безбүйрек Жұрдай болған жүректен де, мидан да! Қайда кеткен мадьярдың қуаты?! Қас дұшпанын өз қанына жуатын?! Әлде біздер жасықпыз ба? Аналар — Таусылған ба қайсар ұлдар туатын?! Ей, желөкпе, айта көрме асырып! Біздің халық көрген емес бас ұрып. Мадьярдың шарабындай бір отты Елім менің отыр, сірә, жасырып! Өте шығар ә дегенше ай ұзын. Кәне, керней, қандыр  жұрттың айызын! Жіберейік бәрін өле мас қылып, Көмейлерге бір тамшы қан тамызып. Отан! Отан! Жалтақтама,жасқанба! Ыңырсысын дұшпан тұяқ басқанда. Немістердің табанынан босанып, Жұлдыз даңқың қайта шықсын аспанға! Алға! Алға! Жүрексінбе! Тартынба! Қайыспайтын қайсарлар бар артыңда. Ағып түссін жаудың жауыз көздері Алдаспаның шыққан кезде жарқылдап! Қашанғы біз қуыршақ боп қаламыз?! Жетеді енді! Сарбаз болсын баламыз! Сыбызғы үні тұра тұрсын сызылмай. Керней үнін күтіп жатыр даламыз! Шандор ПЕТЕФИ. Аударған Қадыр МЫРЗА Әлі.