• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 08 Қыркүйек, 2017

Әлем барысы ‒ 2017: Ширек финалда Айбек пен Еламан белдеседі

491 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінің ширек финалында қос бірдей қазақ балуаны бір-біріне қарсылас атанды.

Айбек Нұғымаров өзбекстандық Мухсин Хисомиддиновты ұпай санымен ұтып кетті. Ал Еламан Ерғалиев украин балуаны Антон Рудниктің жауырынын бір минутқа жеткізбей жер иіскетті. Айта кету керек, Еламан қарсыластарының бәрін межелі уақытқа жеткізбей таза жеңіспен ұтып келе жатыр.

Тағы бір ширек финалдық белдесуде Моңғолия атынан сынға түсіп жатқан қазақ балуаны Серік Бердімұрат латвиялық Никита Бондарсты тізе бүктірді. Естеріңізге сала кетейік, Серік Бердімұрат 2014 жылы «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Төртінші жекпе-жекте Айбат Сейтен грек Масманидис Тэнторэден ұпай  санымен ұтылып қалды. Кездесудің ортасына таман Айбат жарақат алып қалған еді. Сол әсер етті ме, Сейтеннің меселі қайтып қалғандай көрінген. Жартылай жеңіс ұпайымен ұтылып жатқан Айбат айбатына мініп, есепті теңестіріп кетті. Әйтсе де, қоян-қолтық белдесуде грекиялық балуан әбжілдік танытып, жартылай финалға өтті. Сириялық балуанмен шеберлік байқасқан Ержан Шынкеев қарсыласын алып жығып, ширек финалға жолдама алды.